Көктем тобы. Мәтінді оқу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән
Ана тілі (3-сынып)
Тақырып
«Ер еңбекте сыналады»
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Көрнекілік
Жекен Жұмақанов туралы кесте, үлестірмелі тапсырмалар, слайд
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Тақырып мазмұнын меңгерту, мәтінді түсініп оқуға және мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
2) Дамытушылық
Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге үйрету; ой-өрісін кеңейтіп, қорытынды жасау дағдысын дамыту.
3) Тәрбиелік
Еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа, салмақтылық пен сабырлылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық дайындық.
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Ой қозғау: жыл мезгілі туралы сұрақ-жауап.
Ой қозғау сұрақтары
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем.
Көктем туралы қимылмен көрсетіп айтайық.
Өлең жолдары арқылы сергіту сәті ұйымдастырылады.
Өлкемізге Наурыз келді, көктем келді.
Құлпырып гүлге оранды көк пен жерді.
Халқымыз салт-дәстүрін аялаған,
Арманы асқақтаған көктен бергі.
Ән мен күйді шалқытып,
Інжу-маржан шашайық.
Жиналған халық таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық.
II. Үй тапсырмасы
Негізгі мәтін
М. Дулатов — «Қош келдің, Наурыз»
«Көктем» тобы
«Наурыз — ұлттық мейрам» тақырыбына шығарма жазу.
«Күн» тобы
Еңбек туралы мақал-мәтелдер жинау.
III. Жаңа сабақ: «Ер еңбекте сыналады»
Автор туралы
Жекен Жұмақанов — жазушы, журналист, мұғалім, қоғам қайраткері. 1935 жылы 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Жүрекадыр ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген (1978 жылы қайтыс болған).
Білімі мен қызметі
Оқу жолын ерте бастап, 1935 жылы Алматыдағы Қазақ коммунистік журналистер институтын үздік дипломмен тәмамдаған. «Социалистік Қазақстан» газетінде тілші болып қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысып, 1964 жылы әскер қатарынан босап, әдеби өмірге қайта араласқан.
Шығармалары
«Әлия», «Мен жұмысшымын», «Қаракөз қарындасым» және басқа әңгімелер жазған.
Сабақ әрекеттері
- Мәтінді оқу.
- Сөздік жұмысы: жаңа сөздерді топта талдап, мұғалімнің көмегімен нақтылау.
- Топпен жұмыс: сұрақ-жауап және мәтіннен дәлел келтіру.
Сөздік
Алқынып
Ентігіп, демігіп.
Гүжілдеп
Қатты дыбыс шығарып, гуілдеп.
Кекетіп
Мұқату, мысқылдап келемеждеу.
Ойпат
Төмен жатқан жер, шұңқырлау алқап.
Белшеден батқан
Өте тереңге кіріп кеткен, бел деңгейіне дейін батқан.
«Көктем» тобы — талқылау сұрақтары
- Мәтін шығарманың қай түріне жатады?
- Жүк машинасы немен мақтанды?
- Көтергіш кран қалай жауап берді?
- «Күшімді ісім көрсетсін» деген ойды кран қалай дәлелдеді?
«Күн» тобы — мәтінмен жұмыс
- Мәтіннен жүк машинасының мақтаншақтығын білдіретін сөздерді тауып, мәнерлеп оқы.
- Мәтіннің қорытынды ойын білдіретін жолдарды тауып оқы.
Топтастыру: негізгі ой
I топ: «Ер сынағы — еңбекте»
- Ерінбей еңбек ету.
- Адал әрі шыншыл болу.
- Бір-біріне көмектесе білу.
II топ: Қасиеттерді салыстыру
Жақсы қасиеттер
- Мақтанбау
- Өз өнерін орнымен көрсету
- Салмақтылық
- Сабырлылық
Жаман қасиеттер
- Мақтану
- Кекету
- Мұқату
- Көреалмаушылық
IV. Дәптермен жұмыс
Бүгінгі шығарма не туралы?
Еңбек туралы.
Жазба жұмысы
Еңбек туралы шағын шығарма жазу.
V. Сабақты қорытындылау
- Қандай шығарма оқыдық? Авторы кім?
- Шығарманың тәрбиелік мәні қандай?
- Қай кейіпкердің жақсы қасиеттері ұнады? Неліктен?
VI. Үйге тапсырма
- Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.
- Мәтін желісі бойынша шағын мультфильм (немесе комикс) дайындап келу.
VII. Бағалау
Оқушылардың мәтінді түсінуі, топтық жұмысқа қатысуы, дәлел келтіруі және жазба жұмысының мазмұны бойынша бағаланады.