Қысқа мерзімді жоспарҚазақ тілі 6 - сынып Ұстаздық - ұлы құрмет, себебі болашақ ұрпақты тәрбиелейді

Қысқа мерзімді жоспар (Қазақ тілі, 6-сынып)

Пән: Қазақ тілі Сынып: 6 Құжат: ҚМЖ

Ұстаздық — ұлы құрмет

Ұстаздық — ұлы құрмет, өйткені ол болашақ ұрпақты тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді.

Бауыржан Момышұлы: «Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз».

Осы құрметке, осы ардақтауға лайықпыз ба? Әрине, лайық болуға міндеттіміз.

Ізденіс және кәсіби жаңғыру

Осы сұраққа, осы ойға жауапты мен Өрлеу біліктілікті арттыру институтындағы үшінші деңгейлік курстан іздедім және сол іздегенімді таптым деген сенімде болдым.

Алғашында жаңа Бағдарламаға жатырқай қарағаныммен, уақыт өте келе көп нәрсеге көзім жетті. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші, ескі сүрлеумен, бірсарынды ырғақпен жүріп келе жатқан дәстүрлі педагогиканы серпілтетін Бағдарлама екенін айқын аңғардым.

Бұл ойымды тек мен ғана емес, топтағы әріптестерім де құптайтынына сенемін. Жаңа әдіс-тәсілдерді меңгертуде тренерлеріміздің еңбегі өлшеусіз.