Сабаққа психологиялық жағымды ахуал туғызу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Мекеме
Сарқан қаласы, Абай атындағы мектеп-гимназия
Мұғалім
Бекболатова Дана Каиролдановна, бастауыш сынып мұғалімі
Пән
Ана тілі
Сабақ тақырыбы
С. Жиенбаев — «Ұшып келем»
Мақсат
Оқушыларға С. Жиенбаевтың «Ұшып келем» өлеңінің негізгі идеясын меңгерту; байланыстырып сөйлеу және шығармашылықпен ойлау дағдыларын дамыту; туған жердің құдіретін дәріптеу.
Түйінді идея
Туған жердің қадірін түсіне білу. Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.
Әдістер мен тәсілдер
Көрнекіліктер
АКТ және материалдар
- Интербелсенді тақта
- Стикерлер, парақшалар
- A3 форматындағы қағаз
- Фломастерлер, маркерлер
Қолөнерге арналған құралдар
- Түрлі түсті қағаздар
- Желім
- Қайшы
Суреттер және бағалау
- Ұшақ, тікұшақ, зымыран, құс, ұшқыш суреттері
- Смайликтер
- «Бағдаршам», «Шығу парағы», бағалау парақтары
1-кезең: Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру және жағымды ахуал
- Сабақты ұйымдастыру, психологиялық жағымды орта қалыптастыру.
- Әр оқушыға жеке өзін-өзі бағалау парағын тарату.
- Әр топқа 4 парақтан бағалау материалдарын беру.
Үй тапсырмасын тексеру
Топтық бағалау және өзін-өзі бағалау парақтары арқылы үй тапсырмасы тексеріледі.
Стратегия: «Қызықты жазулар»
Сабақ басталмас бұрын партаның астына стикерлер жапсырылады. Стикерді тапқан оқушы үй тапсырмасын айтады.
Топқа бөлу
Домино әдісі арқылы оқушылар топқа бөлінеді. Түрлі түсті қағаздардан қиылған ұшақ, құс, зымыран, тікұшақ суреттері таратылады. Суреттердің артында мақал-мәтелдер жазылған.
Тапсырма
Қай топ мақал-мәтелді тез әрі дұрыс құрастырады? Жұмыс тәсілін өздерің ойластырыңдар.
Талқылау сұрақтары және АКТ
- Мақал-мәтелдерді қалай тез құрастырып жібердіңдер?
- Бұл мақалдардың ұқсастығы неде?
- Бүгін сабақта не туралы сөз қозғаймыз?
- Ұшақ, жылқы, туған жер, құс, зымыран суреттерінің бүгінгі сабаққа қандай байланысы бар?
- Сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
Топ басшыларын сайлау және бағалау
Оқушылар өз топтарында ақылдасып, топ басшысын сайлайды. Топ басшысы партадағы топқа арналған бағалау парағын сабақ бойы толтырып отырады.
Ескерту
Қажет болған жағдайда сабақ жоспарының толық нұсқасын жүктеп алуға болады.