Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу

Сабақ тақырыбы

Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: оқушыларға қалдық матадан жұмсақ ойыншықты пішу технологиясы туралы түсінік беру.
  • Дамытушылық: еңбекке баулу, қолөнерді терең меңгерту, үлгі бойынша жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру; ой-өрісті кеңейту, эстетикалық талғамды дамыту.
  • Тәрбиелік: өз бетімен жұмыс жасауға, еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа, іскерлікке және үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, сарамандық жұмыс, сөзжұмбақ шешу.
Көрнекіліктер
Дайын жұмсақ ойыншықтар, үлгі-сызбалар, нұсқау картасы.

Құрал-жабдықтар және байланыс

  • Құралдар: мата, қайшы, ине, қатты қағаз (картон).
  • Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, экономика, математика, әдебиет.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Құралдарын тексеру.
  • Жақсы көңіл-күй қалыптастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардан үй тапсырмасы сұралады. Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырып бекітіледі.

III. Жаңа сабақ

Сабақ кіріспе сөзбен басталады. Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін сөзжұмбақ ұсынылады.

Сөзжұмбақ сұрақтары

  1. 1. Бұйымды пішуге арналған зат.
  2. 2. Матаны неден жасайды?
  3. 3. Белден төмен киілетін қыздар киімі.
  4. 4. Үй жиһаздарына арналған ұлттық бұйым.
  5. 5. Қыздардың әшекей бұйымы.
  6. 6. Үлгіні матадағы қай жіптің үстіне салу керек?
  7. 7. Негізгі жіп матада қалай орналасқан?

Негізгі ой

Қалдық матадан жасалатын жұмсақ ойыншықтар көбіне балалардың ойынына арналған. «Өнерлінің алтыны қолында, байлығы жатыр жолында» дегендей, ойыншық пішу үшін тұтынуға жарамсыз киімдерді, мата қиындыларын тиімді қолдануға болады.

Тарихи шолу

XIX–XX ғасырлар ойыншықтар тарихындағы ерекше кезең саналады. Әр халықтың ойыншықтарында өзіне тән өрнек, ұлттық нақыш болған.

Ойыншық ұғымы

Ойыншық — балалар ойнау үшін жасалған зат. Дегенмен ол балалар әлемімен ғана шектелмейді: ойыншық — ежелден келе жатқан қолданбалы өнердің бір түрі. Суретші Н. Д. Бартрам: «Ойыншық — өмір айнасы» деген.

Мысалдар

Ежелгі ойыншықтың кең тараған түрінің бірі — қуыршақ. Ең көне мысырлық қуыршақтарға шамамен төрт мың жыл. Сол сияқты ежелгі Грек пен Римнен де қуыршақтардың көптеген түрлері табылған.

Жұмсақ ойыншық ретінде көбіне піл, қоян, аю сияқты жан-жануарларды тігуге болады. Қолдан тігілген ойыншық әрдайым қызықты әрі ерекше көрінеді. Сондықтан біз үлгі сызбасын қағазға түсіріп, қалдық матадан жұмсақ ойыншық жасап көреміз.

IV. Сарамандық жұмыс

Қауіпсіздік ережелері

Жұмысты бастамас бұрын ине және қайшымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері еске түсіріліп, қайталанады.

  • Қайшы: өткір болуы керек; жүзін жабық күйде ұстап, партаның оң жағына қою.
  • Қайшыны ұсыну: әрқашан сабымен ұсыну.
  • Ине: арнайы жастықшаға шаншу; жоғалса, мұғалімге дереу хабарлау.
  • Инемен тігу: инені ауызға салмау, киімге қадамау.
  • Сынған ине: жерге тастамау; қауіпсіз жерге жинап, мұғалімге тапсыру.

Қажетті материалдар

  • Негізгі: мата қиындылары, былғары/жұмсақ материал қалдықтары.
  • Фурнитура: түймелер, ілгектер, көз бен мұрынға арналған арнайы бөлшектер.
  • Құралдар: инелер (ойыншық көлеміне сай), қайшы, біз, картон.
  • Өлшеу және белгілеу: тігін бор, сызғыш, үшбұрыш, метр.
  • Толтырғыш: мақта, синтепон, паралон және т.б.

Жұмыс барысы

  1. Мұғалім дайын үлгіні оқушыларға таратады.
  2. Үлгіні қалдық матаға орналастырып, бөлшектерді (дене мүшелерін) жеке-жеке пішіп қиып алады.
  3. Әр бөлшек алдын ала дайындалып, ретімен тігіледі.
  4. Бөлшектер біріктіріліп, ойыншық толтырғышпен толтырылады, сәндік элементтері бекітіледі.

V. Сабақты бекіту

Тақырыпты қорытындылау үшін төмендегі сұрақтар бойынша талқылау жүргізіледі:

  1. 1. Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу үшін қандай материалдар қажет?
  2. 2. Негізгі әшекейлік бөлшектерді қалай дайындаймыз?
  3. 3. Үлгідегі бөлшектерді қалай біріктіреміз?
  4. 4. Дайын ойыншықты қандай мақсатта қолданамыз?
  1. 5. Техникалық қауіпсіздік ережелері сақталды ма?
  2. 6. Пішу барысында матаның қай бетін қолдандыңдар?
  3. 7. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
  4. Оқушылардың жұмыстары тексеріліп, кемшіліктері болса түсіндіріліп, қорытынды жасалып, бағаланады.

VI. Үй тапсырмасы

Жұмысты толық аяқтап келу.