Идеал газдың ішкі энергиясы

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларға идеал газдың ішкі энергиясы туралы жүйелі мәлімет беру, ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін түсіндіру. Жылу мөлшері ұғымын және жылу алмасудың молекулалық көрінісін тұжырымдату.

Тәрбиелік

Адамгершілік, достық, адалдық құндылықтарын қадірлеуге, өзін және өзгенің іс-әрекетін әділ бағалай білуге, өзін-өзі тәрбиелеуге жағдай жасау.

Дамытушылық

Практикалық дағды мен іскерлікті қалыптастыру. Физиканы өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларға кәсіптік бағдар беру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Бастау
  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Олардың дайындығына және дәрісхана тазалығына назар аудару.
  • Оқушыларды 3 топқа бөлу.

II. Өткен тақырып бойынша білімді тексеру

Ой шақыру

«Не білеміз?»

Сабақты бастамас бұрын өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береміз және ассоциациялық картаны толтырамыз. Қай топ бірінші аяқтаса, сол топқа бағалау парақшасы беріледі.

Сұрақ

Қатты дененің қасиеттерін атаңыздар.

Оқытушы оқушылардың білімін бағалап, кемшіліктері мен жетістіктерін атап өтіп, қысқаша қорытынды жасайды.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Негізгі бөлім

Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын сұрақтарымен танысады.

Тақырып

Идеал газдың ішкі энергиясы. Жылу мөлшері

Қаралатын сұрақтар

  1. 1 Молекула-кинетикалық теориядағы ішкі энергия.
  2. 2 Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері.
  3. 3 Жылу мөлшері.

Түсіндіру форматы

Оқытушы түсіндірмелі-иллюстративті әдістерді қолданады: лекция, слайдтар, видеороликтер, флипчарт.

Ұжымдық жұмыс

Үлестірме материалдар таратылады. Оқушылар оқып, талдайды, кейін сұрақтарға жауап беру арқылы тірек конспектісін толтырады.

Бақылау сұрақтары

1.

Ішкі энергия дегеніміз не?

2.

Біратомды идеал газдың ішкі энергиясы неге тең?

3.

Неліктен оны «біратомды газ» деп атаймыз?

4.

Біратомды идеал газдың ішкі энергиясы неге тәуелді?

5.

Ішкі энергия қандай макроскопиялық параметрлерге тәуелді?

6.

Ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін атаңыз.

7.

Жылу мөлшері дегеніміз не?

8.

Жылу алмасудың молекулалық көрінісі қандай?

V. Жаңа тақырыпты пысықтау

Практика

«Кім жылдам әрі білгір?» ойыны

Интерактивті тақтада жасырылған суреттерді ашу арқылы оқушылар ішкі энергияның өзгерісін анықтайды (слайд).

VI. Жаңа тақырыпты бекіту

Қорытынды тапсырма

Әр топтан бір оқушы шығып, интерактивті тақтадағы формулалардың мәнін түсіндіреді.

VII. Бағалау және қорытындылау

Оқытушы жауаптарды толықтырып, топ белсенділерін бағалайды және сабақ бойынша қорытынды жасайды.

VIII. Үй тапсырмасы

Жалғастыру

Оқулық

Физика, 10-сынып. Авторлары: Г. Я. Мякишев, Б. Б. Буховцев.

  • Бүгінгі лекция бойынша қысқаша түсінік (конспект) дайындау.
  • Қосымша әдебиеттерден осы тақырып бойынша мәлімет жинау.