Мемлекеттің саяси жағдайы

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Қарахан мемлекеті

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Х ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Қарахан мемлекетінің құрылу тарихы, қоғамдық құрылысы және саяси жағдайы туралы мәлімет беру.

  • Дамытушылық

    Оқушылардың жан-жақты білімін дамыту, ойлау және сөйлеу қабілеттерін шыңдау.

  • Тәрбиелік

    Оқушылар бойында азаматтық пен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Ізденіс жұмысы
  • Топпен жұмыс
  • Жұппен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Карта
  • Плакат
  • Қосымша материалдар

Жаңа сөздер

Сабақ барысында тарихи ұғымдармен жұмыс жүргізіледі:

күл-еркіндер иқта уақф мұзари барзигар атабек бөрі

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың назарын сабаққа аудару, оқу әрекетіне бағыттау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы тақырып бойынша білімді анықтау және жүйелеу.

Топқа бөлу

Оқушылар үш топқа бөлініп, әр топ өз тақырыбы бойынша қысқаша таныстырылым жасайды.

1-топ

Көне түрік жазба мәдениеті және оның Қазақстанға ықпалы

2-топ

Әдеби тілдің және жазба әдебиеттің дамуы

3-топ

Түріктердің діни-наным сенімдері

III. Үй тапсырмасын пысықтау (сұрақтар)

  1. 1 Қазақстанда ислам діні қашан тарала бастады?
  2. 2 Түріктердің әліпбиі туралы не білесіз?

IV. Жаңа сабақтың жоспары

1) Құрылуы және құрамы

Қарахан мемлекетінің қалыптасу алғышарттары, аумақтық негізі.

2) Саяси жағдайы

Ішкі басқару, сыртқы байланыстар және саяси үдерістер.

3) Шаруашылығы мен мәдениеті

Экономикалық негіз, қала мәдениеті және рухани өмір.

Қызығушылықты ояту: «Синквейн» әдісі

Әдістің мүмкіндіктері

  • Ұсынылған проблема бойынша жан-жақты түйіндеме жасай алады.
  • Ақпаратты қысқа әрі нұсқа жазбаша түрде тұжырымдай алады.
  • Берілген мәселеге шығармашылық көзқараспен қарайды.
  • Танымдық әрекет барысында қарым-қатынас мәдениетін дамытады.

Құрылымы

  1. 1 Тақырыптың атауы
  2. 2 Тақырыпты сипаттайтын екі сөз
  3. 3 Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз
  4. 4 Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы
  5. 5 Тақырыптың мәнін ашатын бір синоним сөз

Үлгі: «Қарахан» тақырыбы бойынша синквейн

1. Тақырып

Қарахан

2. Сипат

Түркі тілді

3. Қимыл

Құрылды, билік етті, ыдырады

4. Сөз орамы

Орталығы — Баласағұн қаласы

5. Синоним

Мемлекет

Жаңа сабақ: топтық жұмыс

Әр топқа бағытталған тапсырмалар арқылы негізгі мазмұн тереңдетіліп меңгеріледі.

1-топ

Қарахан мемлекетінің құрылуы және тарихы.

2-топ

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты.

3-топ

Мәдениеті мен шаруашылығы.

Ой толғаныс және қорытынды

VI. Ой толғаныс

Эссе: «Бүгінгі сабақтан алған әсерім».

Үй тапсырмасы

  • §10 оқу
  • Хронологиялық кесте құру

Бағалау

Оқушылардың топтық жұмысы, жауаптарының мазмұндылығы және эсседегі ой қорыту деңгейі бойынша бағаланады.