Сырым батыр

Атажұрт (сыныптан тыс жұмыс)

Мақсаты

Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл туралы білімдерін жетілдіру, сондай-ақ тілге құрмет көрсету — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екенін ұғындыру.

Сабақ форматы

Білім мен өнерді ұштастыратын сайыс түріндегі сыныптан тыс іс-шара. Әр кезеңде топтар тапсырмаларды орындап, ұпай жинайды.

Кіріспе сөз (жүргізуші)

Кім білімді, өнерпаз — білейікші,

Оқушылар алғыр деп — жүрейікші.

Осындай сайыстарда білім шыңдап,

Сайыскерге сәттілік — тілейікші!

Әділқазыларға арнау

Аққа — ақ деп, жаққа — жақ боп баға бер,

Алқасы әділқазы — кемеңгер.

Беріңіздер әділ бидей әділ баға,

Шындықты ұрпақтарың сонда көрер.

Әділқазылар алқасы

  1. ________________________
  2. ________________________
  3. ________________________

Сайыс шарттары

1) Қанат қақты

Топ басшылар сайысы.

2) Самғау

Өлеңдегі көркем сөздерді табу.

3) Шарықтау

Жанашырлар сайысы.

4) Шырқау

Берілген сөздермен мақал-мәтел құрастыру.

5) Жерұйық

Ақтық сайыс: шешендік сұраққа жауап.

Сайыс ұраны

Білім деген — биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген — ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Кезеңдер мазмұны

1-кезең: Қанат қақты

Тапсырма: Әліпби бойынша мақал-мәтел айту. Уақыты: 1 минут. Айтылған мақал саны есептеледі.

Іс тындырсаң — аптықпа,

Өлшеп-пішіп — асықпа.

Даналардың сөзі — ақыл,

Зер салсаң — зердеңе қонар.

2-кезең: Самғау

Тапсырма: Өлеңдердегі күз, Отан, табиғат тақырыптарына қатысты көркем сөздер мен теңеулерді табу.

А. Құнанбаев — «Күз»

Күз мезгіліне қатысты көркем сөздерді тауып айтыңдар.

  • … ағаш
  • … бұлт
  • … тұман
  • … шөп жоқ

М. Мақатаев — Отан туралы

Өлеңде қолданылған көркем сөздерді тауып айтыңдар.

  • … өзен
  • … тау
  • … тіл
  • … үн

Зейнолла Шүкіров — «Ақша қар»

Өлеңнен теңеу сөздерді тауып айтыңдар.

Ақша қар — …………………………

Ескерту: Алғашқы екі кезең қорытындысы бойынша ұпай саны ең аз топ сайыстан шығады.

3-кезең: Шарықтау (жанашырлар сайысы)

Тапсырма: Өлең жолын жалғастырып, авторын атаңдар.

Тапсырма 1

Бәйтеректің басына сен шықтың ба?

Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба?

………………………………
………………………………
Автор: __________________

Тапсырма 2

Ашық күнде жарқырап,

Жаңа жауған қар жатыр.

………………………………
………………………………
Автор: __________________

4-кезең: Шырқау

Тапсырма: Берілген сөздерді пайдаланып, мақал-мәтел құрастырыңдар.

1-топ сөздері

  • Ақыл
  • Тіл
  • Білім
  • Өнер
  • тозбайды
Мақал: ______________________________

2-топ сөздері

  • Жігіт
  • бұлақ
  • Сөз
  • Су
  • Ауа
Мақал: ______________________________

3-топ сөздері

  • Дос
  • мақтар
  • Дұшпан
  • Ақылшы
  • Қас
Мақал: ______________________________

4-топ сөздері

  • Тамақтың
  • Тәттісі
  • жоқ
  • Дәрінің
  • Аурудың
  • Адамның
Мақал: ______________________________

5-топ сөздері

  • Еңбектің
  • тәтті
  • Еріншектің
  • Білімнің
  • Жалқаудың
Мақал: ______________________________

5-кезең: Жерұйық

Ақтық сайыс: шешендік сұраққа дәлелді жауап беру.

Сырым батыр Үргеніш еліне барады. Хан Сырымның атағын сырттай естіп, «қазақтың өзі шешен, өзі батыр» деп таниды. Содан хан Үргеніштің шешенімен Сырымды сөз сайысына түсіреді.

Үргеніш шешен:

  • Сөз анасы — не?
  • Су анасы — не?
  • Жол анасы — не?

Сырым батыр:

1) ______________________________
2) ______________________________
3) ______________________________

Қорытындылау

1) Жүлдегерлерді марапаттау

Ең жоғары ұпай жинаған топтар мен белсенді қатысушылар марапатталады.

2) Құттықтау сөз

Ұстаздар мен қонақтарға құттықтау сөз беріледі, сайыс қорытындысы жарияланады.