Г дыбысы мен әрпіСабақтың мақсаты:Білімділігі
Сабақ туралы
Сабақтың тақырыбы
Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Әңгімелеу
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Г дыбысы мен әрпін таныстыру; г әрпі бар сөздерді дұрыс оқыту; сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Дамытушылық
Г дыбысын дұрыс айту арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін және есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, жинақтылыққа және тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Буындар мен сөздер
- Көгершін макеті
- Үнтаспа
- Кеспе әріптер
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін.
Қайырлы күн, қайырлы!
2) Үй тапсырмасын пысықтау
«Кім кінәлі?» өлеңін 2–3 оқушыдан жатқа сұрау.
Қайталау сұрақтары
- 1Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
- 2Баспа және жазба түрін кім көрсетеді?
- 3Ү дыбысының жазба түріндегі бас және кіші әрпін кім көрсетеді?
- 4«Үкі» сөзін кім жазып көрсетеді?
Талдау сұрақтары
- 5«Үкі» сөзінде неше дыбыс бар?
- 6«Үкі» — сөз бе, әлде сөйлем бе?
- 7Ү қандай дыбыс?
Сұрақ-жауап арқылы қорытынды
Мұғалім: Балалар, сұрақ-жауап арқылы нені құрастырдық?
Оқушылар: Гүл құрастырдық.
Мұғалім: Барлығымыз «гүл» деп айтып көрейік. «Гүл» — сөз бе, сөйлем бе?
Талқылау: «Гүл» сөзінде неше дыбыс бар? Бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
3) Жаңа сабақ
Бүгін біз «гүл» сөзіндегі Г дыбысымен және әрпімен танысамыз.
Таныстыру және оқыту
- Г дыбысы мен әрпін көрсету.
- Г әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
- Бағандағы сөздердің мағынасын түсіндіре отырып, хормен буынға бөліп оқыту.
- Слайд арқылы суреттерін көрсету.
Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Оқулықпен жұмыс
- Г дыбысына берілген бағандағы сөздерді буындатып оқыту.
- Г дыбысы бар буындарды теріп оқыту.
- «Ақ көгершін» өлеңін бір оқушыға мәнерлеп оқыту, мағынасын талқылау.
Дәптермен жұмыс
- Г әрпінің элементтерімен таныстыру.
- Ауада жазып көрсету.
- Тақтада үлгі көрсету.
4) Сабақты қорыту
1-қатар: «Жоқ буынды тап» ойыны
Ше..., өшір..., іл..., ір..., бәй....
2-қатар: «Сөздерде неше буын бар?» ойыны
- Шегіртке
- Бәйге
- Құлагер
- Ілгіш
- Гүл
3-қатар: «Буындардан сөз құра» ойыны
Қорытынды әрекет
«Ақ көгершін» әнін айтып, сабақты қорытындылау. Оқушыларды мадақтау.
Үй тапсырмасы
Г дыбысы мен әрпін оқу.