Оқушыларды Word Pad мәтіндік редакторымен таныстыру
Сабақтың тақырыбы
WordPad мәтіндік редакторымен танысу
Сабақтың типі
Саяхат-сабақ
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Компьютер
- Карточкалар
- Көзге арналған арнайы бағдарлама
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
Дамытушылық
Тапсырмалар арқылы қызығушылықты арттыру, ой-өрісті кеңейту.
Тәрбиелік
Компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу және пәнге қызығушылықты арттыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Жылы қарым-қатынас- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Бүгін сабақта бәрің түгелсіңдер ме?
- Сабаққа дайынсыңдар ма?
II. Үй жұмысын тексеру
ҚайталауPaint графикалық редакторы бойынша өткен материал қайталанады.
III. Жаңа материалды түсіндіру
Саяхат-сабақБүгін біз ерекше сабақ өткіземіз: «Бағдарламалар мен Редакторлар еліне» саяхат. Саяхатымызды Пуск (Жіберу) басқару пунктінен бастаймыз.
Бағыт
- 1 Бағдарламалар елі
- 2 Стандартты қала
- 3 WordPad қаласы
WordPad қаласында бәрі реттелген: көшелері, шағын аудандары, қаланы басқару батырмалары, бағдаршамы және мәлімет бюросы бар. Енді Стандартты көшені мұқият қарастырайық.
Стандартты көше: негізгі командалар
Әр «үйдің» өз атауы бар, ал «тұрғындары» — WordPad командалары. Олар сіздің өтінішіңізді тез орындайды:
Құру (Создать)
Жаңа құжат жасайды.
Ашу (Открыть)
Алдын ала жасалған құжатты ашады.
Сақтау (Сохранить)
Құжатты сақтайды.
Басып шығару (Печать)
Дайын файлды қағазға басып шығарады.
Алдын ала қарау (Предварительный просмотр)
Құжатты басып шығарудан бұрын көрсетеді.
Табу (Найти)
Қажетті ақпаратты тез табуға көмектеседі.
Буфермен жұмыс: Вырезать / Копировать / Вставить
Өзара байланысты командалар: қиып алу, көшіру және қою.
Болдырмау (Отменить)
Соңғы әрекетті кері қайтарады.
Күні/уақыты (Дата/время)
Құжатқа ағымдағы күн мен уақытты енгізеді.
Форматтау көшесі: мәтінді көркемдеу
Бұл көшеде мәтінді безендіруге жауап беретін құралдар орналасқан:
Қаланың «заңдары» мен ережелері
Әр қаланың өз тәртібі бар. WordPad қаласындағы негізгі үш заң: Құру, Ашу, Сақтау.
Тәртіпті сақтап, құралдарды дұрыс қолдансаңдар, сендер Информатика елінің лайықты азаматы боласыңдар.
Сергіту сәті
Көзге арналған арнайы бағдарламаны іске қосып, қысқа жаттығу орындалады.
IV. Практикалық жұмыс
Карточка бойыншаWordPad: 1-тапсырма
- 1 Өз аты-жөніңді тер.
- 2 Мәтінге түс таңда, қаріп өлшемін 20 қыл, жолдың ортасына орналастыр.
WordPad: 2-тапсырма
- 1 Төмендегі өлең шумағын тер.
- 2 Барлық мәтін 14 өлшемді болсын, түс таңда.
- 3 Мұғалімге көрсет.
Өлең мәтіні
Ақ көгершін
Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің,
Бар, кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
V. Бекіту кезеңі
Тест«Не білдім, не үйрендім?» бөлімінде арнайы бағдарламада дайындалған тест тапсырмалары беріледі. Нәтижені бағдарлама автоматты түрде есептейді.
Тест сұрақтары
-
1) WordPad — қандай редактор?
- 1) Операциялық жүйе
- 2) Графикалық редактор
- 3) Мәтіндік редактор
-
2) WordPad редакторын қалай іске қосамыз?
- 1) Пуск → Программы → Настройка → WordPad
- 2) Пуск → Программы → Стандартные → WordPad
- 3) Пуск → Программы → WordPad
-
3) WordPad бағдарламасы қай түрге жатады?
- 1) Қолданбалы
- 2) Жүйелік
- 3) Стандартты
-
4) Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Справка... — бұл не?
- 1) Стандартты панель
- 2) Мәзір жолы
- 3) Құралдар тақтасы
-
5) «Болдырмау» командасы
- 1) Правка → Отменить
- 2) Правка → Вставить
- 3) Правка → Копировать
-
6) Алғаш рет сақтау командасы
- 1) Файл → Сохранить
- 2) Файл → Сохранить как
- 3) Файл → Сохранить как веб-страница
-
7) Терезені бүктеу құралы қалай аталады?
- 1) Жималау
- 2) Жаймалау
- 3) Жабу
-
8) Әріптерді бас әріппен жазу пернесі
- 1) Enter
- 2) Caps Lock
- 3) Num Lock
-
9) Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі
- 1) Килобайт
- 2) Байт
- 3) Бит
-
10) Терезедегі ең үлкен бос бөлік қалай аталады?
- 1) Стандартты тақта
- 2) Мәзір жолы
- 3) Жұмыс алаңы
Жарайсыңдар!
VI. Үй тапсырмасы
WordPad редакторының құрал-саймандарына байланысты ребус немесе сөзжұмбақ құрастыру.
VII. Бағалау
Оқушылардың жұмысы бағаланады.
VIII. Қорытындылау
Сонымен, бүгінгі саяхат-сабақ сендерге ұнады ма? Назарларыңа рақмет! Сау болыңдар!