Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Сабақ тақырыбы: Оң және теріс сандар

Сыныбы

6

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Негізгі ұғым

Оң, теріс сандар және нөл

Мақсаты

Білімділік

Оқушыларға оң және теріс сандардың мәнін түсіндіру, оларды ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелік

Ой ұқыптылығын, зейінділікті және шапшаң есептеуді қалыптастыру.

Дамытушылық

Логикалық ойлауын, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың жоспары

Кезең Уақыты
Ұйымдастыру 1 минут
Үй тапсырмасын тексеру 5 минут
Жаңа сабақты түсіндіру 10 минут
Практикалық жұмыс 25 минут
Үй тапсырмасын беру 1 минут
Қорытынды 2 минут
Бағалау 1 минут

Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру (қайталаймыз)

1) Қатынас деген не?

Екі шаманы салыстыруды қалай түсінеміз?

2) Пропорция деген не?

Екі қатынастың теңдігін еске түсіреміз.

3) Масштаб деген не?

Карта/сызбадағы өлшемнің шынайы өлшеммен байланысы.

Жаңа сабақ: оң және теріс сандар

Мысал

Іле Алатауындағы Талғар шыңы теңіз деңгейінен 4973 м биіктікте орналасқан, ал Қара теңіздің ең терең нүктесі теңіз деңгейінен 2210 м төмен.

Теңіз деңгейінен жоғары

Жоғары биіктік оң санмен жазылады: +4973.

Ескерту: оң санның алдына “+” таңбасын қою міндетті емес.

Теңіз деңгейінен төмен

Төмен биіктік теріс санмен жазылады: -2210.

Теріс сандардың белгісі — “−” таңбасы.

Нөл туралы маңызды қағида

0 саны оң санға да, теріс санға да жатпайды. Нөл санақ басы ретінде алынады және шамалардың сан мәндерін анықтауда тірек нүкте қызметін атқарады.

Практикалық жұмыс

Оқулықтан 263, 264, 265-есептер орындалады.

Үй тапсырмасы

Оқулықтың 65-бетінен 266 және 267-есептерді шығарып келу.

Қорытынды сұрақтар

  1. 1 Оң сан дегеніміз не?
  2. 2 Теріс сан дегеніміз не?

Бағалау

Оқушылардың бағасы үй тапсырмасының орындалуына және практикалық жұмыстағы есептерді шығару нәтижесіне қарай қойылады.