Қабылдауды ұйымдастыру
Сабақтың тақырыбы
Жануарларға ауа, жарық, жылу және су қажет.
Карта
Ауызша сабақ – 1
Сабақ түрі
БиС технологиясы бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.
Технология
БиС технологиясы, «Ауызша сабақ – 1» картасы.
Сабақтың көрнекілігі
- Матрица
- Тірек сөздер
- Сын тұрғысынан сұрақтар
- Қарама-қарсы сұрақтар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Әдіс-тәсіл
БжС технологиясы.
II. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Мұғалім жаңа тақырыпқа қысқаша кіріспе ақпарат береді.
а) Қабылдауды ұйымдастыру: тірек сөздермен жұмыс
- Тақтадағы тақырыпқа қатысты тірек сөздерді оқушылар 1 минут ішінде оқып, есте сақтайды.
- Белгіленген уақыт аяқталған соң, блок жабылады.
- Оқушылар естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазады.
- Жазып болғаннан кейін сөздердің саны матрицаға енгізіледі.
- Содан соң блок қайта ашылып, оқушылар қалып қойған сөздерді дәптерлеріне толықтырып жазады.
Егер оқушылар 7 сөзді тез есте сақтап, дәптерлеріне жазып үлгерсе, бұл ТКШ (төменгі көрсеткіш шектігі) тапсырмасының орындалғанын білдіреді. Келесі сабақта АКШ (аралық көрсеткіш шектігі) деңгейіне өту ұсынылады, яғни 14 сөз беріледі.
Бұл кезең — жаңа сөздерді есте сақтауды дамытуға арналған тиімді тәсіл. ООМ (оқушылардың партада отыру реті) бойынша матрицаға алғашқы баға енгізіледі.
Тірек сөздер
III. Ойлауды ұйымдастыру: мәтінмен жұмыс
Мәтінмен жұмысқа 3 минут беріледі. Оқушылар мәтінді оқып, ішінен тірек сөздерді табуы және тақырыптың мазмұнын ашуы тиіс.
Оқушыларға мәтінді мұқият оқуға нұсқау беріледі, өйткені сұрау барысында мұғалім ұсақ детальдарға да назар аударады.
Қарама-қарсы сұрақтар
- Жануарлар тіршілігі үшін не қажет?
- Олар немен тыныс алады?
- Топырақта нелер тіршілік етеді?
- Топырақта тіршілік ететін ұсақ жәндіктер немен тыныс алады?
- Топырақтың барлық қуыстарын не толтырып тұрады?
- Топырақта тіршілік ететін ұсақ жәндіктердің қандай пайдасы бар?
- Топырақты қопсыту арқылы қандай жағдай жасалады?