Аман келсе майданнан солдат балам

Мұқағали Мақатаев

Қарасаздың су ішіп бұлағынан,
Жүретұғын құлпырып құла құнан.
Қылығы да, жұп - жұмыр мүсіні де,
Аумайтұғын киіктің лағынан
Қимылдаса ши басы, секем алып,
Құйын болып далада кетеді ағып.
Үйірінен үзіліп, жеке қалып,
Жарысатын желменен жеке барып,
Желіге де байланбай құлынында,
Жел ойнатып жүретін тұлымында.
Тай болды, құнан болды, әлі бірақ
Көрген жоқ жылқышының құрығын да.
Жылқышы қарт ерекше ардақтаған.
(Біледі ғой, қазақ қой мал баптаған)
Өзі келіп, үйретіп, мінер деген,
Аман келсе майданнан солдат балам.
. Дөнен болды, қалды артта балалық шаң,
Қарт міне дөненіне бұғалық caп,
Баласынан хабар жоқ, қарт тұр енді,
Бәсірені майданға шығарып caп.
Жүрген жерің от болсын, хош, жануар!
Бәлекеті жоқ болсын, хош, жануар! ...
Бәсіресін, баласын біздің қарттар,
Бәйгесіне майданның қосқаны бар.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті туралы еңбектері мен сын мақалалары
Ұлттық поэзиядағы Ұлы Отан соғысы тақырыбы (Қ.Аманжолов, С.Мәуленов туындылары бойынша)
Ұлт азаттық көтерілісі жылдарындағы өлең, жырлар
9 мамыр
Бауыржан Момышұлының әдеби мұралары
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлар жүйесі: проза және поэзия
Қасым Аманжолов
Ғабит мүсірепов қазақ солдаты роман
Драмалық шығармаларды оқыту
Жаңа заман талабы
ҚАЛҚАМАНҰЛЫ БҰҚАР ЖЫРАУ
Бәсекеге қабілетті экономиканың системасын қазіргі заманға концепция бойынша құру және іске асыру
АҚПАРТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ МАМАНДЫҚТАРДА «МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ» БӨЛІМІН МЕҢГЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Көзқамандар туралы аңыз
Кәзіргі Заманғы Әлемдік дамудың күрделі мәселесі
Жаңа заман мәдениеті
Басым мамандықтар тізбесі
Болашақ мамандыққа көзқарас
Жаңа заман философиясы