Жақсы мен жаман
Білім беру саласы мен тақырып
Сала
Әлеуметтік орта
Бөлім
Көркем әдебиет
Тақырып
Жақсы мен жаман
Автор
Рақым Тышқанбаев
Мақсаты
- Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету, мазмұнын ашу және түсіндіру.
- Өлең жолдары арқылы жақсы мен жаманды ажырата білу дағдысын қалыптастыру.
- Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, жақсы мен жаман туралы өз ойын анық жеткізуге баулу.
- Жақсы болып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен құралдар
- Жақсы баланың және жаман баланың іс-әрекеттерін бейнелейтін суреттер.
- Слайд материалдары.
Тілдік жұмыс
Сөздік жұмыс
- Сөз
- шалалық
- Сөз
- тырысып
- Сөз
- ұрысып
Билингвальді компонент
Жақсы
хорошо
Жаман
плохо
Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бүгін бізге көп қонақ келіп отыр. Қане, қонақтармен амандасайық.
Сәлемдесу өлеңі
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең
Бүгінгі көркем әдебиет оқу іс-әрекетінде біз адам бойындағы жақсы және жаман әдеттер туралы әңгімелесеміз. Олай болса, шеңберге тұрып, «Мен қандаймын?» деген ойын ойнайық.
Ойын шарты
Мен қолымдағы допты лақтырып, «Сен қандай баласың?» деп сұраймын. Сендер өздеріңнің қандай бала екендеріңді айтып жауап бересіңдер.
Сұрақ
Дамир, сен қандай баласың?
Жауап
Мен әдепті баламын.
Сұрақ
Қызғалдақ, сен қандай баласың?
Жауап
Мен әдемі баламын.
Сұрақ
Мерей, сен қандай баласың?
Жауап
Мен тәртіпті баламын.
Сұрақ
Қанағат, сен қандай баласың?
Жауап
Мен таза баламын.
Балалар, сендер өте жақсысыңдар. Өз бойларыңнан осындай жақсы әдеттердің табылғанына мен қуанып тұрмын.
Өлеңмен танысу
Бүгін біз Рақым Тышқанбаевтың «Жақсы мен жаман» өлеңімен танысамыз.
Талқылау
Балаларға жақсы мен жаман әдеттерді бейнелейтін суреттер көрсетіліп, әр сурет бойынша өз ойларын айту ұсынылады: қай әрекет жақсы, қай әрекет жаман екенін түсіндіру.