Сәкен ескерткішінде

Сабақ жоспары Қазақ әдебиеті Слайдпен жұмыс

Сабақтың тақырыбы

Сәкен Сейфуллин – ақиық ақын (слайд арқылы).

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты түсіндіру.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру, ойландыру
  • Сұрақ-жауап
  • Аударма, өздік жұмыс
  • Топтық жұмыс, ойын элементтері

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, қазақ әдебиеті, информатика.

Көрнекіліктер

Ақынның суреті «Көкшетау» поэмасынан үзінді мәтіні Сәкен Сейфуллин презентациясы Бағалау парағы

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік

Оқушылардың С. Сейфуллин туралы білімін толықтыру; поэмаларын атап, мазмұнына қысқаша шолу жасау. «Көкшетау» поэмасынан үзіндіні оқытып, тақырыбы мен идеясын анықтау.

2) Дамытушылық

Әртүрлі тапсырмалар мен ойын элементтері арқылы дүниетанымды кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, ауызша және жазбаша тілін жетілдіру.

3) Тәрбиелік

Халқын, ақынды, ана тілін құрметтеуге және табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.

Мұғалім сөзі

Оқушылар, бүгінгі сабағымыз — алдыңғы өткен тақырыптың жалғасы. Сәкен — адамгершілігі мол, адал жанды, нағыз халық ұлы. Бүгін сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

II. «Сәкен — ақиық ақын» (топтық жұмыс)

Оқушылар бұрынғы білімдеріне сүйене отырып, топ ішінде бір-біріне айтып, білгендерін ортаға салып, кластер түрінде қорытындылайды.

Негізгі сұрақ: «Сәкен Сейфуллин кім?»

(Слайдтан кесте көрсетіліп, жауаптар жинақталып қорытындыланады.)

III. Поэмаларға кіріспе

Өткен сабақта оқушылар ақынның өмір жолымен, шығармашылығымен және лирикалық өлеңдерімен танысты. Бүгін Сәкеннің кең тынысты поэмаларына назар аударамыз.

Талқылау

Елі сүйген, елін сүйген Сәкен лирикамен қатар көлемді поэмалар да жазды. (Слайдта поэмаларының атаулары беріледі.)

Сұрақ

«Көкшетау» атауын естігенде Қазақстанның қай өңірі, қандай көріністер көз алдарыңа елестейді? (Слайдта Көкшетау суреттері көрсетіледі.)

IV. «Көкшетау» поэмасы: тақырып пен идея

Поэмада Көкшетаудың табиғаты, елі мен жері, адамдары ғана емес, ақын өлкенің бүгіні мен болашағына да көз тігеді. Шығарманың негізгі арқауы — қалмақ қызы мен Адақ батыр арасындағы сюжет.

Жаугершілікте қолға түскен сұлу қыздың тағдыры ақылмен шешіледі. Оның нәзік жанын түсінген, ақылды қадірлеген Адақ батырдың бейнесі оқиға өзегін тереңдетеді. Ақын табиғат сұлулығын адам сұлулығымен астастырып, жер мен ел тарихының терең тамырын көркем бейнелер арқылы ашады да, Көкшенің қадір-қасиетін сол өлкені мекендеген халықпен бірге жырлайды.

Қорытынды: «Көкшетау» — туған жердің ғажап сұлулығы мен тарихын арқау еткен поэма.

V. Мәтінмен жұмыс (топтық тапсырма)

Поэманың тақырыбын нақтылау үшін мәтінмен жұмыс жүргізіледі: сөйлемдегі қажетті сөзді тауып орналастыру, аудару, мәнерлеп оқу.

а) Сөздік жұмысы

(Слайд арқылы жаңа сөздер түсіндіріледі.)

ә) Мәтінді бөлу

Әр топқа мәтіннің сөйлемдері/үзінділері үлестіріледі.

б) Орындау

  • Сөздік көмегімен аудару
  • Кезекпен оқу
  • Түсіп қалған сөздерді орнына қою

Поэзия әлемінде: «Полиглот» ойыны

Оқушылар мұғалімнің оқуын мұқият тыңдап, іштей ілесе оқиды. «Көкшетау» поэмасынан үзінділер аудармасымен бірге таратылады. Кейін үзінділер екі тілде кезектесіп оқылады.

Көкшетау туралы үзінді

Қазақша

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп, Жүреді біліп кетіп есен-сауын...

Орысша

Гора Кокшетау стройна, как сосна. Дождями свой лик умывает она. Плывут облака над ее головой, Справляются: в здравье она иль больна?

Көкше аңыздары

Ақын Көкше аңыздарының ішінен Жеке батыр, Бурабай, Оқжетпес, Жұмбақтас туралы әңгімелерді бөліп алып, поэмаға арқау еткен.

Жеке батыр

Қазақша

Болыпты баяғыда Жеке батыр, Тау бағып жатады екен тігіп шатыр. Бір күні қарауылда қалғып кетіп, Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.

Орысша

Об этом батыре рассказ был таков: Он гору одну охранял от врагов. Стоя на посту, он случайно вздремнул И спящим остался на веки веков.

Бурабай

Қазақша

Мөп-мөлдір Бурабайдың суы күміс, Көргенде шаршаған жан алар тыныс. Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай, Қарағай, қайыңмен қалың жыныс.

Орысша

Вода серебрится чиста и свежа, В сиянье ее отдыхает душа. Зеленой завесой над нею в ночи Вздыхают березы и карагачи.

Оқжетпес

Қазақша

Басына атсаң — дағы оғы жетпес, Иіліп ешбір тауға тәжім етпес. Сол шыңға жан шықпаған ұя салып, Шыңқылдап қаршыға мен бүркіт кетпес.

Орысша

В думу вечную погружен, Недоступным кажется он, Лишь могучий горный орел Свое место на нем обрел.

Жұмбақтас

Қазақша

Батырлар айнала тұр тас қасында, Алғандай бір-бір сұлу бас-басына. Бәйгеге бірі қалмай түспек дағы Абылай бәсекенің бас қасында.

Орысша

В стрельбе умения не доказав, Смотрели батыры зло. И хан, уязвленным себя посчитав, Тоже нахмурил чело.

Оқушылар үзінділерді аудармасымен кезектесіп, мәнерлеп оқиды.

VI. Сабақты бекіту: «Не білдім?»

Ақын есімі ешқашан ұмытылмайды. Да, имя великого акына никогда не забудется.

Слайд арқылы ақынның суреті, ескерткіштері, мұражайы, өлеңдері мен нақыл сөздері көрсетіледі. Атап айтқанда:

  • Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы көше.
  • Астана қаласында және ақынның туған жерінде әдеби-мемориалдық мұражайлар.
  • Сәкен ескерткіштері, қазақстандық суретшілердің картиналарындағы бейнелері.
  • Сәкеннің әндері мен өлеңдері орындалады (слайд/аудио материал).

VII. Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен топтық жұмыстары бағалау парағы арқылы қорытындыланады.

VIII. Үй жұмысы

«Көкшетау» поэмасынан өзіңе ұнаған бөлімді таңдап, жаттап келу.