Сәлеметсіңдерме балалар
Сабақтың тақырыбы
Мен және менің мектебім
Оқу мақсаттары
Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер
- Таныс дыбыстар мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау.
- Соль, ми ноталарының биіктігін естіп анықтау.
- Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі.
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік
- Мектеп — Школа — School
Сабақтың барысы
Сабақтың басы
Қоңырауды соғамыз
Сабақ қоңырау үнімен басталады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Қоңыраудың үнін естігенде неге өз орындарыңа асықтыңдар?»
Қорытынды: қоңырау үні балаларды мектепке шақырады және сабақтың басталғанын білдіреді.
Ертеңгілік шеңбері
Оқушылар шеңберге тұрып, соль және ми ноталарының биіктігінде құрылған әуенмен үш тілде сәлемдеседі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Здравствуйте, дети!
- Hello, children!
Оқулықтағы жұмбақ
Оқушылар жұмбақты шешу арқылы әннің тақырыбын ашады. Талқылау сұрағы: «Балалар, бұл қандай құрал?»
Дауыс жаттығуы (соль, ми)
Сылдыр, сылдыр қоңырау,
Сыңғырлаған көңіл-ау.
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушылар оқулықтағы суретке сүйене отырып, өздері білім алып жатқан мектеп туралы әңгімелейді.
Ән үйрену
А. Меңжанова — «Біз мектепке барамыз»
Талқылау сұрағы
Әнді қалай орындаған дұрыс: қатты ма, әлде жұмсақ па?
Қорытынды
Ән жұмсақ, әуенді, сазды орындалады.
Содан кейін оқушылар әннің ырғағына сәйкес қол шапалақтап отырып орындайды.
Көңіл күйін ажырату
«Біз мектепке барамыз» әнінің көңіл күйіне сай келетін смайликті таңдап, неге таңдағанын түсіндіреді.
Үштілділік
Топтық жұмыс
Оқушылар топқа бөлінеді. Әр топтың атауы мектеппен байланысты болуы керек.
- 1-топ: Әннің мазмұны не туралы?
- 2-топ: Сен мектепке не үшін келесің?
- 3-топ: Үлгілі оқушы қандай болуы керек деп ойлайсың?
Барлығына ортақ сұрақ: «Музыка сабағында не үйренесің?»
Жеке жауаптар және сөздік қор
- Оқушылар мектепке не үшін келгенін және алға қойған мақсатына жету үшін қандай оқу құралдарын пайдаланатынын айтады.
- Оқулықтағы сурет бойынша сыныпта болатын заттардың бірін таңдап, оның не үшін қажет екенін түсіндіреді.
Тапсырма
Берілген суреттер бойынша артық затты анықтап, не үшін артық екенін түсіндіру.
Музыкалық сауаттылық
Қоңырау — шулы аспап. Оны сілкіп ойнайды.
Музыка тыңдау
А. Меңжанованың «Қоңырау» шығармасынан үзінді тыңдалады: қайырманың әуені қоңырау аспабымен сілкіп орындалады. Тыңдау барысында қайырмадағы дыбыс биіктігіне ерекше көңіл бөлінеді.
Сабақтың соңы
Рефлексия
Оқушылар бүгінгі сабақтағы көңіл күйін бас бармақ бейнеленген суреттер арқылы бағалайды.
Қимыл-қозғалыс жаттығуы
Сабақ соңында оқушылар шеңберге тұрып қимыл-қозғалыс жасайды:
- солға адымдау;
- оңға адымдау;
- 3 рет шапалақтау;
- пауза (төртке дейін санау);
- басынан қайталау.
Автор туралы
Жерұйық негізгі мектебінің музыка пәні мұғалімі — Калкешева Маншук Серикбаевна.