Геометриялық фигураларды кескіндеу тақырыбымен таныстыру
Математика (1-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Геометриялық фигураларды кескіндеу
Сабақтың мақсаты
- «Геометриялық фигураларды кескіндеу» тақырыбымен таныстыру.
- Тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың танымдық және ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
- Шапшаң есептеуге баулу.
Қолданылатын көрнекіліктер
Суреттер, дидактикалық материалдар, кеспе қағаздар.
Суреттер
Фигуралардан құрастырылған бейнелер.
Дидактикалық материалдар
Тапсырмалар мен үлгілер.
Кеспе қағаздар
Фигуралар жиынтығы бар карточкалар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Психологиялық жағдаят қалыптастыру:
Сыныпта біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Күнделікті қызықты,
Кезекті сабақ бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
№4 есеп бойынша оқушылардың дәптерлері жиналып, тақтада талдау арқылы үй тапсырмасы қорытындыланып тексеріледі.
Әдіс: дәптерді қарау + тақтада орындауды көрсету + қысқа кері байланыс.
III. Жаңа сабақ
Ой қозғау: логикалық тапсырмалар және жұмбақтар шешу.
Жұмбақ 1
От басында құмған,
Екі көзін жұмған.
Жауабы: мысық
Жұмбақ 2
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу.
Жауабы: түлкі
Жұмбақ 3
Отырдым мұнан барып оймауылға,
Ілінді екі аяғым байлаулыға,
Қолыма екі қайыс ұстап алып,
Жүргіздім қайда барсам айдауыма.
Жауабы: мінген ат
Талқылау және бағыттау сұрақтары
Жұмбақтардың шешімдері көрсетілген суреттер ілінеді. Бұл суреттер геометриялық фигуралардан құрастырылған.
- Суреттер қандай фигуралардан құрастырылған?
- Неліктен олар үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы деп аталады?
- Әр фигураның негізгі қасиеттерін ата (қабырғалары, бұрыштары, теңдігі).
IV. Жаңа сабақты бекіту
Практикалық жұмыс: ұқсас пішіндерді табу.
Тапсырманың барысы
- Әр партадағы екі оқушыға: геометриялық фигуралары бар конверт және фигуралардан құрастырылған суреттер таратылады.
- Оқушылар суретке қарап, қай сурет қандай пішінге ұқсайтынын табады.
- Пішін мен суретті сәйкестендіріп (қосу/жұптау) орналастырады.
Бағалау жүйесі (фигуралар арқылы)
5 — шеңбер
Өте жақсы деңгей
4 — шаршы
Жақсы деңгей
3 — үшбұрыш
Қанағаттанарлық деңгей
Сабақ соңында жиналған фигуралар бойынша қорытынды жасалып, оқушылардың білім деңгейі бағаланады.
Оқулықпен жұмыс
№1 тапсырма: әр фигураның қабырғаларының ұзындықтарын өлшеп, жаз. Не байқадың?
Мұғалімі
Қайролла М. М.