Сұлушаш поэмасы
Сабақтың тақырыбы
Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы бойынша қорытынды сабақ.
Сабақтың мақсаты
- 1 С. Мұқанов поэмалары туралы түсінік қалыптастырып, поэманың мазмұнын меңгерту.
- 2 Ой-өрісті кеңейту, шығармашылық қабілетті, есте сақтау мен тіл байлығын дамыту; өзіндік жұмысқа дағдыландыру.
- 3 Поэманы талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, шынайылыққа және рухани тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері
- Түсіндіру
- «Әдеби сынақ хат»
- Оқулықпен жұмыс
- Ойын элементтері
Көрнекіліктер
- Оқулық
- Интерактивті тақта
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
Сыныпты 2 топқа бөлу.
2) «Әдеби сынақ хат» (үй тапсырмасын тексеру)
Интерактивті тақта арқылы
1-топ
- С. Мұқанов 1900–1973 жылдары өмір сүрді.
- 1922 жылы Орынбор қаласында жұмысшы факультетінде оқыды.
- 1926–1928 жылдары республикалық «Еңбекші қазақ» газетінде жұмыс істеді.
- Кейін Ленинград университетінде, одан соң Мәскеудегі Қызыл профессура институтында оқыды.
2-топ
- 1937 жылы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарды.
- Бұл кезеңдегі ірі туындылары: «Ботагөз», «Менің мектептерім» (романдары), «Колхозды ауыл осындай».
- 1950 жылы «Сырдария» романын және «Ш. Уәлиханов» пьесасын жазды.
- «Сұлушаш» поэмасының жарық көрген жылын анықтау.
Қосымша сұрақ
- Ақынның шығармаларын атау.
3) «Сұлушаш» поэмасына сатылай кешенді талдау
Негізгі мәліметтер
- Тақырыбы
- Поэма тақырыбын анықтау.
- Авторы
- Сәбит Мұқанов.
- Әдеби жанры
- Поэма (жанрлық ерекшелігін дәлелдеу).
- Кейіпкерлер
- Сұлушаш, Алтай және басқа тұлғалар.
- Негізгі идея
- Шынайы сезім, адамгершілік ұстаным және әлеуметтік қайшылықтар.
Композициялық құрылым
- Оқиғаның басталуы: кіріспе жағдайлар мен таныстыру.
- Оқиғаның дамуы: кейіпкерлер арасындағы қатынас тереңдеуі.
- Шиеленісуі: әлеуметтік тосқауылдар мен қайшылықтардың күшеюі.
- Шарықтау шегі: трагедиялық түйіннің айқындалуы.
- Шешімі: оқиғаның қорытындылануы.
Әдеби-теориялық ұғымдар (кестені толтыру)
Эпитет
Мәтіннен бейнелі анықтауыштарды табу.
Теңеу
Теңеу арқылы жасалған көркемдік тәсілдерді анықтау.
Көнерген сөздер
Тарихи, көнерген лексиканы белгілеу.
Мақал-мәтелдер
Поэмадағы нақыл сөздерді жинақтау.
4) «Талдау — табыс кілті» (ұжымдық жұмыс)
1-топ тапсырмасы
Тілеуберді байдың қызын Алтайға беруге қарсы болуына қатысты көзқарас білдіру, дәлел келтіру.
2-топ тапсырмасы
Үлкендердің қыз тағдырын атастыру арқылы шешуіне баға беру, салт пен жеке таңдау қайшылығын талдау.
5) Мәнерлеп оқу
Мәтіннен Алтайдың монологын таңдап, мәнерлеп оқыту.
6) Кейіпкерлерге мінездеме
1-топ
Сұлушаш бейнесіне мінездеме беру.
2-топ
Алтай бейнесіне мінездеме беру.
7) Өлең құрылысына талдау
Үзінді
Күн-күн санап толқыды туған айдай, (11 буын)
Қап-қара көз, қыр мұрын, қасқа маңдай, (11 буын)
Қаз мойынды, кең иық, сұлу тұлға, (11 буын)
Тіп-тік боп тауда өскен қарағайдай. (11 буын)
Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы — а, а, б, а.
8) Бекіту: «Орамал тастамақ» ойыны
- С. Мұқанов қай жерде туған?
- С. Мұқановтың өлеңдерін ата.
- С. Мұқанов қандай қызметтер атқарды?
- С. Мұқановтың прозалық туындыларын ата.
- «Сұлушаш» поэмасының тақырыбы мен идеясы қандай?
- Сұлушаш пен Алтайдың трагедиялық жағдайының басты себебі неде?
- «Сұлушаштың» реалистік шығарма екенін дәлелде.
- «Сұлушаш» поэмасының маңызы қандай?
Қорытынды
«Сұлушаш» поэмасы — нағыз реалистік шығарма. Оның қаһармандары — ойдан жасалған, қиялдан шыққан жансыз, қансыз суреттер емес, өмірдің қайнар бұлағынан алынған таза жанды, ыстық қанды еңбек адамдары.
Үй тапсырмасы
- Поэмадағы әдет-ғұрып пен халық психологиясының көрінісін сипаттап жазу.
- Поэмадан үзінді жаттау.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай білімін бағалау.
Мектеп және өткізген мұғалім
Мектеп
Октябрь орта мектебі
Өткізген
Нуртазина А. К.