Балалардың беттері
Теміртау қаласы • №16 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Туяқбаева Замзагүл Исағалымқызы
Сабақтың тақырыбы
Қызыл бет
Тақырыптық өзек: Қыс
Грамматикалық тақырып
Антоним
Қарама-қарсы мағыналы сөздерді тану және сөйлеуде қолдану.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушылардың ізденіс жұмысын қалыптастыру.
- Антоним туралы түсінік беру.
- Сөйлеу және жазу дағдыларын дамыту.
Дамытушылық
- Тез ойлау дағдысын жетілдіру.
- Сауатты жазуға дағдыландыру.
- Сөздерді дұрыс байланыстырып, ойды жүйелі жеткізу.
Тәрбиелік
- Мемлекеттік тілге құрмет сезімін арттыру.
- Қоршаған ортаға сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Ұйымдастыру және ресурстар
Көрнекілігі
Саяхат картасы, қысқа қатысты суреттер, қағаздан жасалған автобус.
Сабақтың түрі
Саяхат сабағы.
Әдіс-тәсілдері
- Ойын әдісі
- Автобуспен саяхат
- Диалог және сөйлеу жаттығулары
Сабақтың идеясы
Оқушылар «Қысқы әлемге» саяхат жасап, әр аялдамада тапсырмалар арқылы білімдерін бекітеді. Негізгі мақсат — қыс тақырыбына қатысты сөздік қорды кеңейту, мәтінді дұрыс оқып, мазмұнын түсіну және антонимдерді орынды қолдану.
Жұмбақ арқылы тақырыпқа шығу
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Кейде ұлып, кейде жұлып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы, бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
Сабақтың барысы: «Саяхат» маршруты
Ұйымдастыру кезеңі
- Кезекшімен қысқаша диалог жүргізу, тілдік ортаға көшу.
-
Фонетикалық жаттығу:
Алға бір адым, артқа бір адым,
Отырамыз, тұрамыз.
Сабақта «бес» аламыз.
- Үй тапсырмасын сұрау, бекіту және бағалау.
- Саяхатқа қатысушылармен танысу: аты-жөні, сыныбы, тұратын жері.
- «Автобусқа отыру» ережесін еске салу: дұрыс отыру, бір-бірін тыңдау.
Сөздік жұмысы
Қыс тақырыбына байланысты сөздер мұғалімнің соңынан қайталанады: алдымен хормен, кейін жеке-жеке.
1-аялдама
Сөздік алқабы
Қысқа қатысты негізгі сөздер мен тіркестерді меңгеру.
2-аялдама
Күз
а) Күз айларын атаңдар.
ә) Күзде не болады?
- Жаңбыр жауады.
- Жапырақ сарғаяды.
- Күн салқындайды.
- Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
- Қауын, қарбыз, алма, алмұрт піседі.
Тапсырма:
Күз туралы өлең оқитын оқушыны тыңдау.
3-аялдама
Қыс
Оқулықтың 67-бетіндегі «Қызыл бет» мәтінін оқу және аудару.
- Қыс туралы өлең оқу.
- Қысқа қатысты жұмбақ айту.
Назар:
Қыс тақырыбы бойынша сөздерді дұрыс оқып, анық айту.
4-аялдама
Киім дүкені
Дүкенде қысқы жылы киімдер ұсынылады: суреттер көрсетіледі, оқушылар киім атауларын атайды.
Сергіту сәті
«Не артық?» ойыны.
5-аялдама
Орфография мұражайы
Мұражай қызметкерлері сөйлемдерге қажетті сөздерді тауып, дұрыс қою тапсырмасын дайындапты:
- Қыс айлары: желтоқсан, ......, ақпан. [қаңтар]
- Адамдар үстіне … киеді.
- Адамдар қолына ……… киеді.
- Адамдар аяғына … киеді.
- Қыста …… жауады.
- Қыста …… қатады.
- Балалардың беттері ........
Ескерту: бос орындар оқушылардың сөздік қорына сай толтырылады.
6-аялдама
Құттықтау алаңы
Тапсырма:
- Қыс мезгіліндегі мерекелерді атау.
- Қонақтарды құттықтау мәтінін айту.
- Қысқа қатысты антоним сөздерді келтіру.
Қорытынды
- Үй тапсырмасын түсіндіру.
- Оқушылардың жұмысын бағалау.
- Өтілген материалды бекіту.