Броундық қозғалыс
Физика · 7-сынып
Сабақтың тақырыбы
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды, сондай-ақ жылдамдық ұғымын түсіндіру.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, есеп шығару дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
Білімді күнделікті өмірмен байланыстыру, еңбексүйгіштікке баулу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі
Баяндау.
Сабақтың барысы
-
I
Ұйымдастыру кезеңі.
-
II
Үй тапсырмасын сұрау.
-
III
Жаңа сабақты түсіндіру.
-
IV
Сабақты пысықтау.
-
V
Сабақты қорытындылау, бағалау.
-
VI
Үйге тапсырма беру.
Үй тапсырмасын сұрау
1) Аспан денелерін және олардың жүйелерінде болатын құбылыстарды зерттейтін ғылым:
- Астрономия
- Физика
- Эксперимент
2) Бір зат молекулаларының екінші заттың молекулааралық бос орындарына енуі:
- Броундық қозғалыс
- Диффузия
- Заттың күйлері
3) Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама:
- Тығыздық
- Температура
- Қысым
4) Санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағаттың жиынтығы:
- Координата жүйесі
- Санақ жүйесі
- Санақ басы
5) Айналасында сақинасы бар планета:
- Марс
- Нептун
- Сатурн
6) «Планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырып, гелиоцентрлік жүйе» деп атаған ғалым:
- Птолемей
- Коперник
- Бируни
Жаңа сабақ: қозғалыс түрлері және жылдамдық
Бірқалыпты қозғалыс
Дене тең уақыт аралығында бірдей қашықтық жүріп өтсе, мұндай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
Бірқалыпты емес қозғалыс
Дене тең уақыт аралығында әртүрлі қашықтық жүріп өтсе, мұндай қозғалыс бірқалыпты емес қозғалыс деп аталады.
Жылдамдық формуласы
Бірқалыпты қозғалыста дененің жылдамдығын табу үшін орын ауыстыруды уақытқа бөлеміз:
v = S / t
Жүрілген жолды табу
Егер v және t белгілі болса, онда:
S = v · t
Уақытты табу
Егер S және v белгілі болса, онда:
t = S / v
Сабақты пысықтау: есептер
Есеп 1
Оқушы үйден мектепке дейінгі 1 км жолды 1 минутта жүріп өтеді. Қозғалыс бірқалыпты деп алып, оқушының жылдамдығын анықтаңыз.
Есеп 2
Автомашина 200 м жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақытты анықтаңыз.
Есеп 3
Велосипедші стадионды айнала 20 м/с жылдамдықпен қозғалды. 1 сағат ішінде велосипедші қанша жол жүреді?
Үй тапсырмасы
«Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық» тақырыбын қайталау.