Қалымбет ағай
19 маусым — Медицина қызметкерлерінің күні
Бұл күн — денсаулық сыйлап, дертке шипа болған ақ халатты абзал жандардың еңбегін ұлықтайтын ерекше мереке. Осы мерекеге арналған «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» атты кездесу кешінің мазмұны төменде ұсынылады.
Кештің ашылуы
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Армысыздар, құрметті көрермен қауым! Бүгінгі медицина қызметкерлерінің күніне арналған «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер!
Іс-шараның шымылдығын ашу үшін ауылымыздың ардақты ақ халатты жандарын ортаға шақырамыз. Сонымен бірге, дамыған медицинамен қатар, атадан балаға дарып келе жатқан халық емшілігін ұстанған сынықшыларымыз — Қадіркүл апа мен Қалымбет ағайды да шақырамыз.
Сахналық белгі:
Дәрігерлер мен сынықшылар ортаға шығып, сахнадан орын алады.
Дәрігер еңбегіне тағзым
Адам өмірін ұзартуға сеп болып, ажалдан арашалайтын дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, ерекше құрметтеген. Әр адам өз өмір жолында ақ халатты жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласын, жанашыр алақанын сезінеді.
Дәрігердің көмегімен үміт қайта оянып, тоқтаған жүрек қайта соғып, өмірге деген құлшынысымыз арта түседі. Осы орайда барша медицина қызметкерлерін төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құттықтау сөз
Мерекені ашу үшін сөз ауыл әкімі Д. Насибековке және ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е. Маханбетовке беріледі.
Музыкалық номер:
Ән: «Отан». Орындайтын: Өтегенова Аружан.
Мерекенің мәні және естелік
Медицина қызметкерлерінің күні — бар ғұмырын алғысқа лайық істерге, яғни өзге адамдардың денсаулығы мен өміріне қамқор болуға арнаған жандардың еңбегі еленетін күн. Қиналғанда көмек сұрап, ауырғанда шипа іздеп барған әр науқасқа демеу болып, қауіп төнген сәтте араша түсетін дәрігерлердің орны айрықша.
Қазақстан медицинасы туралы сөз қозғалғанда, Түменбаев Найманбай есімі қатар аталады. Жүректерге өмір сыйлап өткен алтын қолды дәрігер атамыздың жатқан жері жарық болсын. Аяулы жанды еске алайық.
Сахналық белгі:
Бір минут үнсіздік.
Тарихи дерек
Бұл мереке көптеген елдердегідей маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Алғаш рет дәрігерлер күні 1980 жылғы 1 қазанда «Мереке және атаулы күндер туралы» КСРО Жоғарғы Президиумының қаулысы негізінде бекітілген.
Ауру жасқа да, кәріге де қарамайды. Сондықтан ине мен пышақты өміріне серік еткен ақ халатты, алтын қолды дәрігерлерге бесіктегі баладан есіктегі қарияға дейін айтар алғыс шексіз.
Келесі бөлім:
Көрермендердің Найманбай ата туралы естеліктері.
Кеш қонақтары
Халық емшілігінің өкілдері
- Сынықшы Қадіркүл апа.
- Сынықшы Қалымбет ағай (анасы Есен апа да сынықшы болған; Қалымбет ағай бүгін сол істі жалғастырып келеді).
Ауылдық медициналық пункт қызметкерлері
Бүгінгі кештің құрметті қонақтары мен ардагерлері:
- Абдурахманова Райхан апай (зейнеткер)
- Палымбетова Камила Құдайбергенқызы
- Ергешбаева Нэлла Байхожанқызы
- Дүйсенбекова Бибігүл Әбдіманапқызы
- Жұмаева Айсұлу
- Күншығарова Феруза Дөңесқызы
- Баймұхамбетова Ақниет Кенжебайқызы
Құрметті жандарды мерекелерімен құттықтап, орнымыздан тұрып қол соғып, қошемет көрсетейік.
Ән: «Дәрігер қыз». Орындайтын: Бектұрғанов Өмірсерік.
Сұхбат және құттықтаулар
Жүргізушінің арнауы
Абзал жан деген ат алған,
Ем беріп, көптің батасын алған.
Сынықшы ізгі жүректі,
Сыйлы қауымның сапында тұрған.
Сиремесін қатарың,
Көп болсын дәмің-тұзың.
Жақсы ниетке жол тартсаң,
Ақжолтай болсын әр қадамың.
Сөз кезегі Қадіркүл апа мен Қалымбет ағайға беріледі.
Сұрақ-жауап:
- Апа, бойыңыздағы Құдай берген қабілетті қашан және қалай байқадыңыз?
- Қалымбет ағай, қабілетіңізді ең алғаш кімге жұмсадыңыз?
Құттықтау сөздер
Кеш қонақтарын құттықтау үшін сөз әйелдер кеңесінің төрайымы Қожахметова Рахия апайға және №228 Ш. Бәкіров атындағы орта мектеп директоры А. Қаракееваға беріледі.
Музыкалық үзіліс:
Ән орындалады.
Ардагерге құрмет
Жүргізушінің құттықтауы
Еңбегің неткен зор еді,
Киерің — алғыс тон еді.
Құтты болсын мейрамың,
Дәрігер — өмір тірегі.
Дем берген дауа жүрегі,
Науқастың сенер тірегі.
Сыйлаған саулық әр үйге,
Өрлесін бақыт — берекең!
Сөз қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп, еңбек демалысында отырған Райхан апайға беріледі.
Сұрақ:
Райхан апа, өміріңізде жарты ғасырдан астам уақыт белсенді еңбек еттіңіз. Уақыт зымырап өте шығады. Осы жасқа келгенше талай тосқауылдан өтіп, әрдайым жеңіске жете білдіңіз. Бұл табысыңыздың түпкі себебі неде? Ой бөліссеңіз.
Музыкалық номер:
Ән орындалады.
Дәрігерге арналған тілек
Қорытынды арнау
Шын дәрігер — адамға жанашыр,
Байлық үшін емес, парыз үшін жарасым.
Жүрегінде тұрар берген анты,
Аурудан қорықпай, қаймықпай қарасын.
Мұндай жанды жолықтырсаң — сене бер,
Алла оған шипа дарытсын, деме бер.
Бар білгенін аямайтын дәрігер
Алғыс алып, нұрлы бақытқа бөленер.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ботабай ауылы, №228 Ш. Бәкіров атындағы орта мектеп.
Айпейсова Нұрипа