Компьютерді вирусқа тексеру
Тақырыбы: Компьютерлік вирустар
Бұл сабақта компьютерлік вирустардың мәні, негізгі түрлері және олардан қорғану жолдары қарастырылады. Оқушылар жаңа білімді талқылау және практикалық тапсырмалар арқылы бекітеді.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Компьютерлік вирустар және олардың түрлері туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін, логикасын және талдау дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Компьютерлер
- Электрондық оқулық
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
2) Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: файлдар мен бумаларды іздеу.
1-топ
- Файлдарды жіберу
- Мәтінді іздеу
2-топ
- Файлдарды табу
- Файлдар мен бумалардың атауын іздеу
Үй тапсырмасы практикалық жұмыс арқылы бекітіледі.
3) Жаңа сабақ
Жаңа тақырып оқушылармен ашық сұрақтар арқылы талқыланады. Вирустардың мекендеу ортасына байланысты сынып 3 топқа бөлінеді.
1-топ
Файлдық вирустар
2-топ
Жүктелетін вирустар
3-топ
Макровирустар
Компьютерлік вирустарды жіктеу
Компьютерлік вирустардың маңызды белгілері оларды бірнеше өлшем бойынша жіктеуге мүмкіндік береді:
- Вирустың таралатын ортасы бойынша
- Зарарлану әдісі бойынша
- Деструктивті мүмкіндіктері бойынша
- Жұмыс алгоритмінің ерекшеліктері бойынша
Таралатын ортасы бойынша негізгі түрлері
Файлдық вирустар
Әртүрлі форматтағы орындалатын файлдарды зарарлайды. Бағдарлама форматына байланысты EXE немесе COM вирустары кездеседі.
Жүктелетін вирустар
Дискілердің жүктелу секторларын (Boot) немесе жүйелік жүктеуіші бар секторларды (Master Boot Record) зарарлайды.
Жүйелік вирустар
Әртүрлі компьютерлік желілер мен жүйелер арқылы таралады.
Макровирустар
Microsoft Office құжаттарын зарарлайды.
Flash-вирустар
BIOS жадындағы FLASH микросхемаларын зарарлайды.
Сабақты бекіту: практикалық жұмыс
- Компьютерді вирусқа тексеру.
- Компьютерге жаңа антивирустық бағдарламаны орнату.
- Ақпарат тасымалдаушылар (флешка, диск) арқылы антивирустық бағдарламаларды көшіру және тасымалдау.
- Интернеттің көмегімен антивирустық базаны жаңарту (update) жасау.
Бақылау сұрақтары
- Компьютерлік вирус дегеніміз не?
- Вирустардың негізгі түрлері қандай?
- Вирустар мекен ету ортасына қарай нешеге бөлінеді?
Үй тапсырмасы
- Тақырып: «Компьютерлік вирустар».
- Вирустардың түрлерімен танысып, қосымша ақпарат жинау.