Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Әдіс тәсілдер
Сабақтың тақырыбы
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі.
Мақсаты
- Зат есімнің септелуін меңгерту.
- Зат есім тақырыбын қайталау және бекіту.
Оқу нәтижесі
- Оқушы өз білімін тәжірибеде қолданады.
- Сөздік қоры толығады.
Әдіс-тәсілдер
Жаңа тәсілдер
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану.
Сыни ойлау
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
АКТ
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Дарынды оқушылар
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Жас ерекшелік және көшбасшылық
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақ барысы
1) Психологиялық даярлық
Қала тұрғындары тақырыбы бойынша қысқа ынталандыру тапсырмасы (сергіту/жылы байланыс орнату).
2) Жаңа сөздерді қайталау
Ғалам
әлем, жер жүзі, дүние жүзі
Таныған
білген, белгілі
Болған
мойындаған
Тәуелсіз
егеменді, еркін, дербес
Заң
ереже, қағида
Қабылданды
бекітілді
Терезесі тең
қатар, бірдей
Тарады
жайылды
Жаңалық
хабар
Қолдады
мақұлдады
Іле
шала, лезде, тез, жылдам
3) Үй тапсырмасын тексеру
Семантикалық картамен жұмыс.
Ескерту: Семантикалық карта арқылы тақырыпқа қатысты ұғымдарды нақтылау және оқушы жауаптарын жүйелеу ұсынылады.
4) Бекіту сұрақтары
- Сөз таптары дегеніміз не?
- Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Оларды ата.
- Түбір сөз дегеніміз не?
- Қосымша дегеніміз не?
- Қосымша неше топқа бөлінеді?
- Жұрнақ дегеніміз не?
- Жалғау дегеніміз не? Оларды ата.
5) Топтық жұмыс
Кластер құрастыру
Тақырып: «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі». Оқушылар негізгі ұғымдарды бөліп, өзара байланысын сызба түрінде көрсетеді.