Өсімдік мүшесі Жеміс пен шырын

Сабақ тақырыбы мен мақсаттары

Пән

Дүниетану, 2-сынып

Тақырып

Тұқым және жеміс

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Негізгі мақсат

Оқушыларға тұқым мен жеміс туралы түсінік беру және олардың арасындағы ерекше байланысты ұғындыру.

Оқыту нәтижелері

  • Тұқым мен жемістің өсімдіктің мүшелері екенін ажыратады.
  • Шырынды және құрғақ жемістерді мысалдар арқылы сипаттайды.
  • Тұқымның таралу жолдары туралы әңгімелейді.

Тәрбиелік бағыты

  • Өсімдіктердің өсіп-өнуіне қамқорлық жасауға үйренеді.
  • Табиғатты қорғауға, еңбексүйгіштікке, тазалыққа тәрбиеленеді.
  • Ойлау қабілеті, сөйлеу мәдениеті және пәнге қызығушылығы артады.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, суреттер, әртүрлі жемістер.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
  • Ауа райын бақылау, белгілеу және дәптерге жазу.

2) Үй жұмысын тексеру

«Өз біліміңді тексер» тесті: барлық оқушы орындайды, кейін жұппен жұмыстарын ауыстырып тексереді. Дұрыс жауаптар интерактивті тақтада көрсетіліп, жасыл түспен белгіленеді.

Үй тапсырмасы:

Жапырақтардың суретін салу.

3) Өткенді қайталау (сұрақ-жауап)

Негізгі сұрақтар

  • Жапырақтар неге сарғаяды?
  • Жапырақ деген не? (Өсімдік мүшесі.)
  • Өсімдіктердің қандай топтары бар? (Ағаш, шөп, бұта.)
  • Өсімдіктің тірі ағза екенін дәлелдеңдер.
  • Өсімдік мүшелерін атаңдар.

Тереңдету

  • Тамыр қандай қызмет атқарады? Қандай түрлері болады?
  • Жақсы жетілген өсімдіктің негізгі тамыры кіндік тамыр деп аталады.
  • Сабақ қандай қызмет атқарады?

Жұмбақ

Ешкім де жемейді,

Тәтті екен демейді.

Сарғайып піседі,

Үзіліп түседі.

Жауабы: жапырақ

Сергіту сәті

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін, дәмдісін,

Әжемізге сыйлайық.

4) Жаңа тақырып: жұмбақтар арқылы ашу

Оқушылар жұмбақтардың шешуін таба отырып, бүгінгі тақырыпты өздері анықтайды: жеміс пен тұқым.

Жұмбақтар (1-бөлік)

Алыстан көрсем ақ тас,

Жақыннан көрсем — дәмді ас.

Жауабы: күріш

Көк лағым көгенде жатып семіреді.

Жауабы: қарбыз

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

Жауабы: пияз

Жұмбақтар (2-бөлік)

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығынан суырып,

Әкеледі әжем бір күн.

Жауабы: сәбіз

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар.

Жауабы: бидай

Бақшамызда жалғыз аяқты сарыбас өсіп тұр.

Күн қай жаққа жылжыса, сарыбас сол жаққа бұрылады.

Жауабы: күнбағыс

Қауын, қарбыз дей алмайсың,

Піскенімен жей алмайсың.

Жарғанымен — қап-қатты,

Ал асқанда — тәп-тәтті.

Жауабы: асқабақ

5) Практикалық жұмыс: «Зерттеу лабораториясы»

Жұптық жұмыс

Оқушыларға жемістер беріледі. Әр жұп жемістерді зерттеп, байқалған ерекшеліктерін дәптерге жазады және өз жұмыстарын қорғайды.

  • Жемістің сыртқы көрінісі
  • Шырындылығы (бар/жоқ)
  • Тұқымының саны, пішіні, орналасуы

Тапсырмалар (интерактив/флипчарт)

  • Құрғақ жемістерді бір себетке, шырынды жемістерді екінші себетке бөлу.
  • Әр жемісті өз тұқымымен сызық арқылы сәйкестендіру.
  • Слайд арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру және талқылау.

Негізгі ұғымдар

Жеміс

Жеміс — өсімдіктің мүшесі; оның ішінде тұқымдар болады.

Тұқым

Тұқым — өсімдіктің көбеюіне және жаңа өсімдіктің өсуіне мүмкіндік беретін бөлігі.

Оқулықпен жұмыс және бекіту сұрақтары

  • Не түсіндіңдер? Қандай жаңа мәлімет алдыңдар?
  • Қандай жемістер болады?
  • Тұқым мен жеміс өсімдіктің қандай мүшелері?
  • Шырынды жемістерге мысал келтіріп, олардың тұқымы туралы айт.
  • Құрғақ жемістердің тұқымы туралы айт және мысал келтір.
  • Өсімдік тұқымының таралу жолдары туралы әңгімеле.

6) Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы

Қорытындылау және бағалау

Сабақ соңында оқушылардың қатысуы, практикалық жұмыс нәтижесі және сұрақтарға жауап беруі бойынша кері байланыс жасалып, бағаланады.

Үй тапсырмасы

Өз бақшаларыңда қандай жемістер өсіресіңдер? Немесе ауылда ата-әжелерің қандай жемістер өсіреді? Жазып келіңдер: түрі, сипаттамасы, пайдасы.