Мәтін есептің математикалық моделін құрап және бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептерді шешу дағдыларын дамыту
Бағалау критерийлері
Оқушы оқу мақсаттарына жетеді, егер:
- 1 «Осыншаға арттыру», «бірнеше есе кеміту» және т.б. сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді.
- 2 Есепті шығару жоспарын құрастырады.
- 3 Мәтін есептің математикалық моделін құрастырады.
- 4 Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығарады.
Тілдік мақсаттар
- Мәтін есептерде әріпті өрнектердің қалай құрастырылатынын сипаттайды.
- Мәтін есептердің шешімін түсіндіреді.
- Практикалық есептердің математикалық моделін сипаттайды.
Сабақтың құрылымы
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептерді модельдеу, теңдеу құру және шешу арқылы бекіту.
Сабақтың басы
2 минут
Сабақтың басы (2 минут)
- Оқушылармен амандасу.
- Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын және бағалау критерийлерін нақтылау.
Сабақтың ортасы: “True or False” (Дұрыс немесе Бұрыс)
Оқушылар ұсынылған тұжырымдар бойынша T немесе F карточкаларын қолданып, қорытынды жасайды.
a) Егер тіктөртбұрыштың b ені осы тіктөртбұрыштың ұзындығынан 2 есе артық болса, онда b = 2·a.
Trueb) Егер жеңіл көліктің V1 жылдамдығы жүк көлігінің жылдамдығынан 30 км/сағ артық болса, онда V1 + 30 = V2.
Falsec) Егер 2 кг алма a тг болса, онда 3 кг алма 3a тг тұрады.
Falsed) Егер тіктөртбұрыштың ауданы шаршының ауданынан 2 есе кем болса, онда тіктөртбұрыштың ауданы S/2-ге тең.
Truee) Егер қазір Сәуле Олядан 1 жасқа үлкен болса, онда a жылдан кейін ол одан (1 + a) жасқа үлкен болады.
FalseФронтальды жұмыс
Тапсырма: есеп шарты бойынша теңдеу құру.
-
24 т суды бірінші насос 6 сағатта, ал екінші насос 3 сағатта ағызады. Екі насос бірлесіп жұмыс жасаса, 24 т суды қанша уақытта ағызады?
-
36 бөлшекті бірінші жұмысшы 3 сағатта, ал екіншісі 6 сағатта дайындайды. Екеуі бірлесіп жұмыс жасаса, 36 бөлшекті қанша уақытта жасап бітіреді?
-
Қыштан бұйым жасаушы 3 сағатта 12 құмыра жасай алады, ал оның шәкірті 6 сағатта дәл сонша жасайды. Егер шебер мен шәкірті 2 сағат бірлесіп жұмыс жасаса, қанша құмыра жасап бітіреді?
-
Мектеп кабинетін жөндеуді екі бригада жасайды. Бірінші бригада кабинетті 15 күнде бітіреді, ал екінші бригадамен бірлессе 12 күнде бітіреді. Екінші бригада бұл істі неше күнде бітірер еді?
Жұппен жұмыс
Назар: жұмыс өнімділігін қосу қағидасын қолдану.
1) XVII ғасырдағы математикалық жазбалардан алынған есеп. Екі ұста ауланы дұрыстауды жоспарлайды. Біріншісі: «Егер мен жалғыз істесем, жұмысқа 3 жыл кетер еді». Екіншісі: «Ал мен бұл жұмысқа 6 жыл жұмсар едім». Екі ұста жұмысты бірлесіп істейтін болып келіседі. Олар ауланы қанша уақытта дұрыстап бітіреді?
Жауабы
2 жыл
2) Жылқы бір арба шөпті 1 айда жейді, ешкі — 2 айда, қой — 3 айда жейді. Үшеуі бірлесіп бір арба шөпті қанша уақытта бітіріп жейді?
Жауабы
6/11 ай
Қорытынды
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептерде әр орындаушының жұмыс жылдамдығы (өнімділігі) қосылады, ал уақыт пен өнімділік арасындағы байланыс теңдеу арқылы модельденеді.
Материалдар
«Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер» тақырыбы бойынша тапсырмалар жинағы (жүктеме материал).