Жарайсыңдар балаларым
Астана қаласы • Білім басқармасы
№70 «Құлыншақ» балабақшасы • «Ақбозат» сәбилер тобы
Тәрбиеші: Князова Мақпал Қамбарбекқызы
Мерекелік сценарий
«Жаңа жылда жаңа нұр»
Жүргізуші мәтіні, балалардың тақпақтары, ән-билер және кейіпкерлер қатысатын сахналық көрініс.
Жүргізуші
Қандай әсем шыршамыз! Ән шырқайық баршамыз. Тақпақ айтып, би билеп, Жаңа жылды бастайық.
Құрметті қонақтар, ата-аналар! Көптен күткен жаңа жыл мерекесі де келіп жетті. Биылғы жаңа жыл әр отбасымызға бақыт, береке, ынтымақ әкелсін!
Ортамызға «Ақбозат» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар! Жаңа жыл келді сәуле шашып, табиғат та нұрға толып құлпырады. Қанеки, жаңа жылды бірге қарсы алып, ән салайық!
Ән
Жүргізуші
Рахмет, балалар! Енді жаңа жылға арналған тақпақтарды тыңдайық.
Руслан
Жаңа жылым мол болсын, басқан қадам оң болсын.
Арина
Жасыл желмен жамылған, асыл моншақ тағылған. Міне, сұлу шыршамыз — көптен күтіп сағынған.
Диана
Төрле, төрле, Жаңа жыл! Бізге құтты жыл болсын!
Раяна
Ақ жамылды айнала, жарқыратып шамдарын.
Зере
Аяз ата сағынған, сәлем берді жұртына.
Нұрдаулет
Безендіріп шыршаны, жыл қуантты баршаны.
Диар
Жолын қойдық жарық қып, шыршаларға шам іліп.
Бағдат
Нұрландырып маңайды, шырша шамы жағылсын!
Кейіпкер: Аққала (әуенмен кіреді)
Армысыңдар, бармысыңдар ағайын! Қане, құшақ ашайық, достық тойын жасайық!
Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Жүргізуші
Қош келдіңіз, Аққала! Сізді көріп балалар қатты қуанды. Сізге арнап бүлдіршіндеріміз би билеп береді.
Аққала: Жарайсыңдар, балаларым! Көп рақмет. Керемет биледіңдер.
Бірақ осы мерекемізге бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты… Ол не деп ойлайсыңдар?
Жүргізуші: Біздің шыршамыз жанбай қалыпты ғой!
Жұмбақ
Ақсақалды ата жылына
Бірақ рет келіп кетеді.
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді.
Жауабы: Аяз ата
Жүргізуші: Ендеше, Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
Балалар: «Аяз ата! Ақшақар!» деп дауыстап шақырады.
Кейіпкерлер: Аяз ата мен Ақшақар
Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, қонақтар! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді көргенімізге қуаныштымыз. Өздерің сүйкімді, тәп-тәтті балақайлар екенсіңдер!
Аққала: Аяз ата, біз де өте қуаныштымыз. Бірақ шыршамызды жаға алмай тұрмыз. Көмектесіңіз!
Аяз ата: Мен сиқырлы таяқшамды беріп едім ғой…
Аққала: Оны шыршаның жанына қойдым, жоғалтып алмайын деп. Бірақ қайда кеткен?
Кейіпкер: Түлкі (әуенмен кіреді)
Сендер менсіз шыршаны жағып, жаңа жылды қарсы алмақсыңдар ма?
Аяз атаның сиқырлы таяқшасы менде! Мен оны сендерге бермеймін.
Жүргізуші
Түлкі, біздің балалардың бәрі өнерлі. Сізге тақпақтарын айтып берсін.
Түлкі: Қане, онда балалардың өнерін көрейін.
Амина
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер!
Айназ
Тамаша, тамаша, шыршамыз тұр жараса!
Албан
Аяз ата келеді, бізге сыйлық береді.
Аяжан
Жаңа жыл, жаңа жыл — жаңа жылда жаңа жыр!
Нұрали
Шыршаға бардық, әсем ән салдық.
Мақсат
Думанымыз жалғассын, жаңа жылға тамаша!
К. Арина
Қыс қызығы тамаша, ойнаймыз біз таласа!
Түлкі: Қандай тамаша! Өнерлі екенсіңдер. Олай болса, сиқырлы таяқшаны берейін.
Шырша шамдары жанады.
Аққала: Ой, қандай тамаша! Шыршамызға сән кірді!
Жүргізуші: Шыршамыз ерекше әдемі болды! Ендеше, барлығымыз «Кішкентай шырша» әнін шыршаны айнала жүріп орындайық.
Сахналық көрініс: Сыйлық дорбасы
Осы кезде сахнаға сыйлыққа толы дорбаны маймыл алып келеді.
Маймыл: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын! Биыл тәрбиелі, тәртіпті, ақылды, білімді болып жүріңдер.
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, мешін жылы да ортамызға келді. Қолында Аяз атамыздың сыйлық дорбасы бар!
Аяз ата: Көрдіңдер ме, балалар? Мешін жылы менің ұмытып кеткен дорбамды алып келіпті.
Жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа жыл — жаңа жылда жаңа жыр!
Жасыл шырша жанында би билеп, бар бала жүр.
Тақпақтар легі
Ал, балалар, үнсіз қарап тұрмайық. Тақпақтарды жаттаған қонақтарға айтайық.
Рамина
Аппақ тонға оранып, базарлықты мол алып.
Еламан
Қуантып елді, жаңа жыл келді. Өсетін болдым бір жасқа енді.
Мади
Келді алыс сапардан Аяз ата оралып.
Луара
Қайда қызық болса думан, Аяз ата сонда болды.
Ербатыр
Ақ қырауға малынған сақалы да, мұрты да.
Әбдірахим
Бақша іші мереке, ойын-күлкі, асқақ ән.
Ералы
Жасыл желмен жамылған, асыл моншақ тағылған.
Ілияс
Міне, сұлу шыршамыз — көптен күтіп сағынған.
Асанәлі
Ойыншықтар тізілген, қандай әсем шыршамыз!
Ән
Қорытынды тақпақтар
Ақ көрпесін сағынған ұйқтап жатқан даладай, балаларды сағынып жаңа жыл да келді. Енді кезекті соңғы тақпақтарға берейік.
Т. Арнұр
Тамаша, тамаша, шыршамыз тұр жараса!
Басында әсем жұлдызы — көз тоймайды қараса.
Ш. Асанәлі
Қандай әсем шыршамыз! Ән шырқайық баршамыз!
Ералы
Жасыл желмен жамылған, асыл моншақ тағылған.
Ахмет
Аппақ-аппақ ақша қар, қар жамылды бақшалар.
Ә. Інжу
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер!
Аяз ата: Қандай өнерлі балапандарсыңдар! Қадамдарың нұр болсын. Ақшақар екеуміз дайындаған сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар!
Ақшақар: Жаңа жыл әрқайсыңызға денсаулық пен жақсылық әкелсін!
Ақ тілектер
Жүргізуші: Сіздерге көп рақмет! Аяз ата, Ақшақар, сау болыңыздар! Келесі кездескенше.
Алланың нұры жаусын әрбір үйге, жақсылықты тілеймін бар әлемге. Жаңа жылда әрбір үйге бақ дарысын, қуанышпен ақ тілек ақтарылсын!
Ендеше балаларымыздың ақ тілектеріне кезек берейік.
Данияр
Жаңа жылда жол болсын!
Ерасыл
Берекелі жыл болсын!
Дінмұхаммед
Әрбір үйде той болсын!
Әліби
Ақ дастархан мол болсын!
Жабылу сөзі
Құрметті қонақтар, 2016 жылға арналған жаңа жылдық мерекеміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рақмет!
Жаңа жыл құтты болсын! Отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін! Енді №70 «Құлыншақ» балабақшасының меңгерушісі Жәудір Бақтиярқызына құттықтау сөз береміз.