Заманнан наубайханасынан, Әкелінді ыстық нан
«Атаба» супермаркеті: балаларға арналған рольдік ойын
Бұл рольдік ойын балалардың күнделікті өмірде кездесетін «дүкен» жағдайын қауіпсіз ортада тәжірибелеуіне көмектеседі: таңдау жасау, сыпайы қарым-қатынас, сатып алу және ақша құнын түсіну, сондай-ақ бір-біріне қолдау көрсету.
Тақырыбы
«Атаба» супермаркеті
Ойын түрі
Желілі рольдік ойын (сатушы–тұтынушы–кассир)
Мақсаты
- «Атаба» супермаркеті туралы білімдерін кеңейту және азық-түлік түрлерін ажырата білуін дамыту.
- Рольдерге бөлініп ойнау арқылы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру: амандасу, өтініш айту, алғыс білдіру, қоштасу.
- Сатып алу үдерісімен таныстыру: кезек күту, төлем жасау, қайтарым ақша алу, ақшаның құнын түсіну.
- Бір-біріне көмектесу, қамқорлық пен достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Ойынның жүру барысы
Жүргізуші (бала)
Құрметті ханымдар мен мырзалар! Бүгін бізде жаңа «Атаба» супермаркетінің ашылу салтанаты. Қош келдіңіздер! Мұнда қалағандарыңыздың бәрі бар. Келіңіздер, көріңіздер, таңдаңыздар, сатып алыңыздар! «Атаба» супермаркетіне шақырамыз!
«Алтын алма» фирмасы
Сатушы: Мөлдір
Бізде тәтті жемістер!
Жеміс жесең, бой өсер.
Дәрумені мол, дәмі бал —
Таңдап алыңыздар!
«Алтын алма» фирмасынан келген жемістер мен жидектерді сатып алыңыздар!
«Рахат» фирмасы
Сатушы: Эльдар
Тәттіге балалардың бәрі құмар,
«Рахат» фирмасы қажетіңе жарар.
Ирис, барбарис, шоколад, арахис бар —
Ақшаң болса, ала бер!
«Рахат» фирмасынан келген тәтті кәмпиттерді сатып алыңыздар!
«Айналайын» фирмасы
Сатушы: Айымгүл
Сүт, айран, қаймақ —
Дастарханның көркі.
Күнде ішсең, пайдалы,
Дәмі де тәтті!
«Айналайын» сүт фирмасынан келген сүт тағамдарын сатып алыңыздар!
«Заман» наубайханасы
Сатушы: Алихан
«Заман» наубайханасынан
Әкелінді ыстық нан!
Қалақ нан, тоқаш, тәтті нан —
Дәмін татып көріңіздер!
«Заман» наубайханасынан келген ыстық, тәтті нан сатып алыңыздар!
Ережелер мен мәдени қарым-қатынас
Тұтынушылар
- Әр бөлімге кезекпен барып, қалаған тауарын таңдайды.
- Кассаның кезегін сақтап, төлем жасайды.
- Сатушымен сыпайы сөйлесіп, «рақмет» айтып, қоштасады.
Сатушылар мен кассир
- Тауарды ұқыпты салып, салафан қапшыққа орап береді.
- Амандасу, түсіндіру, сыпайы қызмет көрсету дағдыларын көрсетеді.
- Кассир төлемді қабылдап, қайтарым ақшаны есептеп береді.
Ойынның жалғасуы
Ойын барысында балалар рольдерді кезекпен ауыстырып ойнайды. Осылайша әрқайсысы сатушы, тұтынушы және кассир міндеттерін байқап көреді, ал ойын әрекеті жаңа диалогтармен және сатып алу жағдайларымен толықтырылады.