Мағжан ЖұмабаевОйламай отқа түскен неткен жанбыз, Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз

Мағжан Жұмабаев

Ойламай отқа түскен неткен жанбыз,
Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз.
Көрінбес көзге түртсе қараңғыда,
Япырм-ай, қалдық па енді тіпті таңсыз?!
Тақаулы тамағында өткір пышақ,
Тек жатыр тұяқ серіппей сонда да аңсыз.
Тыңдамас, сөзге түспес, ырыққа көнбес,
Болды ма қайран қазақ тастай жансыз?
Жер кетті, жаның кетті, қам жемедің,
Құл болдың қара табан енді малсыз.
Ортаға қамап алып қырып жатыр
Қара жүрек надандық қолмен сансыз.
Қазағым, арыстаным, қайратты ерім,
Тұрдың ба қару қылмай, құр амалсыз?
Өзіңдей адамзаттар не ғып жатыр,
Бос жүрсің баспанасыз, үйген тамсыз,
Сандалдың: алдың - боран, артың - тұман,
Түк көрмей сәуле берер шырақ - шамсыз.
Білімсіз ит надандық жеңгені ме?
Буының қалтырайды болып әлсіз.



Ұқсас жұмыстар

Поэзия шеңберінің тәңір табынарлықтай құдіреті өлеңді
Мағжан Жұмабаев – лирик ақын
Мағжанның лирикасы
Қазақтың «бес арысы» атанған зиялылар ілімдеріндегі еркіндік мәселесі
Ақан сері
Ақындық тұлғаның лирикалық кейіпкерге қатысы
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ (1893-1920) ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРЫ
Қуандық Шаңғытбаевтың Махаббат пен ғадауат кітабындағы айшықты өрнектер, көркемдік ерекшелігі турасында
Стилистикалық фигуралардың сипаты
Көркем әдебиет стиліндегі фигуралар
ЖҰМАБАЕВ МАҒЖАН
Сөздік
Қосарлама сөздердің семантикалық сипаты
Қаламгерлік көсемсөзі
Тіл, сөз өнер туралы мақал-мәтелдер
О.Қ.О Созақ ауданының эконом икалық географиялық орны
Мадрид келіссөз үрдісі.
Модаль сөздер
Жып - жылы сөйлеген сөздерімен, Жіберетін бойымды жылындырып
Мағжан Жұмабаев туралы