Болжалдық сан есімдер
Сабақ жоспары
Қазақ тілі (6-сынып): Есімдік. Жіктеу есімдігі
Мұғалім: Даулетова Алмагүл
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Есімдік және жіктеу есімдігі туралы түсінік беру. Ауызша және жазбаша талдау жұмыстарын орындау арқылы білімді бекіту.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін және қиялды дамыту; ой қорытып, нақты шешім қабылдауға үйрету; өзіне деген сенімді арттыру.
Тәрбиелік
Сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу; бір-бірін тыңдай білуге үйрету; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Әдістер, көрнекілік және байланыс
Сабақтың әдістері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- СТО элементтері
- Өзін-өзі бағалау
Көрнекілік
- Интерактивті тақта
- Кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс
- Әдебиет
- Дүниетану
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Зейінді сабаққа аудару.
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Психологиялық дайындық жүргізу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сөзжұмбақ шешу арқылы сан есім тақырыбын қайталау.
Сұрақ-жауап
-
1-сұрақ
Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөз табын қалай атаймыз? — Сан есім.
-
2-сұрақ
Заттың нақты санын білдіріп, «қанша? неше?» сұрақтарына жауап береді. — Есептік сан есім.
-
3-сұрақ
Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? — қанша? неше? нешеу? нешінші?
-
4-сұрақ
Болжалдық сан есімдерге -дай/-дей, -тай/-тей, шақты, жуық, шамалы сияқты көмекші сөздер мен жұрнақтар жалғанады.
Жауаптарды нақтылау
-
5-сұрақ
Заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді; «қанша? неше? қай шамалы? қаншадан?» сияқты сұрақтарға жауап береді. — Болжалдық сан есім.
-
6-сұрақ
Бөлшектік сан есімнің құрамы. — Күрделі.
-
7-сұрақ
Екі немесе одан да көп түбірдің тіркесуі не қосарлануы арқылы жасалған сан есім. — Күрделі сан есім.
Қызықты мәліметтер
- Түнде сауылған сиыр сүті ұйықтататын дәрі сияқты әсер етеді.
- Қолтырауынның майы жасыл түсті болады.
- Кейбір қарлығаштар ұшып жүріп ұйықтайды.
- Төрт тізесі бар жалғыз аң — піл.
- Бегемоттар су астында туады.
- Колибри жүре алмайды.
III. Жаңа сабақ: Есімдік
Есімдік — заттың нақты атауын атамай, оның орнына қолданылатын сөз табы. Бұл сабақта есімдіктің бір түрі — жіктеу есімдігі қарастырылады.
Құрамына қарай
- Дара
- Күрделі
Жасалу жолына қарай
- Негізгі
- Туынды
Мағынасына қарай
- Жіктеу
- Сілтеу
- Сұрау
- Өздік
- Жалпылау
- Болымсыздық
- Белгісіздік
Жіктеу есімдігі
Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.
Жіктеу есімдігі үш жаққа бөлінеді және жекеше, көпше түрлері болады.
IV. Оқулықпен жұмыс
141-жаттығу: мәтіннен жіктеу есімдіктерін табу.
Мысал
Жіктеу есімдіктері: ол, сен, сені, мен.
Қызықты мәліметтер
- Шегірткенің қаны ақ түсті.
- Өзін айнадан танитын жалғыз аң — шимпанзе.
- Жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс — пингвин.
- Жолбарыстың жүні ғана емес, терісі де жолақ.
- Жылқының сүйегі адамдікінен 18-ге артық.
- Жердегі жануарлардың ішінде жүрегі ең үлкен аң — керік.
V. Тақтамен жұмыс
142-жаттығу: жіктеу есімдіктерін жақ және септік тұрғысынан талдау.
| Сөз | Талдау |
|---|---|
| Біз | Жіктеу есімдігі, I жақ, атау септік. |
| Біздің | Жіктеу есімдігі, I жақ, ілік септік. |
| Сені | Жіктеу есімдігі, II жақ; тәуелдік жалғауының II жағы. |
| Бізге | Жіктеу есімдігі, I жақ, барыс септік. |
| Сенімен | Жіктеу есімдігі, II жақ; көмектес септік (-мен). |
| Сенің | Жіктеу есімдігі, II жақ; ілік септік (-ің). |
Қызықты мәліметтер
- Дельфин бір көзін ашып ұйықтайды.
- Түйеге қарағанда егеуқұйрық шөлге төзімдірек.
- Жыландар қоректенбей үш жыл ұйықтай алады.
- Ұлудың тістері тамақты майдалау үшін тілінде орналасқан.
- Бүйі екі жылға дейін, ал кенелер он жылға дейін қорексіз өмір сүре алады.
- Бассыз тарақан тоғыз күнге дейін өмір сүріп, кейін аштан өледі.
VI. Дәптермен жұмыс
143-жаттығу: сөздерді талдау және дәптерге түсіру.
Талдау үлгілері
- Сені — жіктеу есімдігі, II жақ (анайы); тәуелдік жалғауының II жағы.
- Менің — жіктеу есімдігі, I жақ, ілік септік.
- Сен — жіктеу есімдігі, II жақ, атау септік.
- Менде — жіктеу есімдігі, I жақ, жатыс септік.
Қорытынды
Бұл сабақта есімдіктің жіктеу түрі қарастырылды: оның жаққа бөлінуі, жекеше-көпше түрлері және септелу үлгілері тапсырмалар арқылы бекітілді.
Еске сақтаңыз
Жіктеу есімдігі сөйлеушіні, тыңдаушыны және бөгде адамды (I, II, III жақ) білдіреді: мен/біз, сен/сіз/сендер/сіздер, ол/олар.