Ақпараттық сабақ
Геометрия (9-сынып): Фигуралардың аудандары
Бұл сабақта оқушылар негізгі геометриялық фигуралардың аудандарын формула арқылы табуды қайталап, есептеуге машықтанады. Жұмыс барысында өлшем бірліктерінің бірізділігіне ерекше мән беріледі және теориялық білімді практикалық есептермен бекіту көзделеді.
Сабақтың түрі
Ақпараттық сабақ
Сабақтың типі
Қайталау сабағы
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайдтар (аудан формулалары)
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Фигуралардың аудандарын табуды меңгерту және формула бойынша есептеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Аудан есептеуде өлшем бірліктерін мұқият сақтауға, бірізді өлшем жүйесін қолдануға және дәл есептеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Геометриялық фигуралардың ауданын табуда теориялық білімді тереңдету және қолдану дағдысын дамыту.
Сабақтың барысы мен мазмұны
I. Ұйымдастыру
- Оқушыларды түгендеу.
- Сыныпты 3 топқа бөліп орналастыру.
- Топтарға бөліну үшін оқушылар кезекпен фигура атауларын айтады: «Тіктөртбұрыш», «Параллелограмм», «Трапеция».
II. Психологиялық дайындық
Әрбір адам — досым, сыныптасым
Әрбір сабақ — үйрену, оқу, іздену
Әрбір ісің — тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адалдық
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
III. Үй жұмысын тексеру
Ұстаным: «Білетінім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз».
«Ыстық орындық» техникасы: әр командадан кезекпен бір оқушы шығып, қойылған сұрақтарға жауап береді.
IV. Қызығушылықты ояту және белсенділікті арттыру
«Аквариум» техникасы: 3 топ жарыса отырып жұмыс істейді, әр топтан бір делегат сайланады. Қажетті құралдар: плакат, қарындаш.
I-топ тапсырмасы: Қандай фигуралардың аудандарын табуды білесіңдер және олар қайда қолданылады?
V. Сергіту сәті
Оқушылар орындарынан тұрып, тақтадағы күн бейнесімен бірге қысқа жаттығулар орындайды.
VI. Тапсырмалар орындау
«Өкіл» (Представитель) техникасы: әр топтан өкіл шығып, шешімді түсіндіреді және қорғап шығады.
1) Трапеция тәрізді шабындық
Трапеция тәрізді шабындықтың табандары 450 м және 0,62 км, биіктігі 325 м. Әр гектардан орта есеппен 40 ц шөп жиналады. Осы шабындықтан жиналатын шөп мөлшерін анықтаңдар.
Берілгені
a = 450 м
Берілгені
b = 0,62 км = 620 м
Берілгені
h = 325 м
Т/к Жиналатын шөптің мөлшері
2) Параллелограмм
Көршілес қабырғалары 2 см және 5 см болатын параллелограмның ауданы 5 см². Параллелограмның сүйір бұрышы мен биіктігін анықтаңдар.
VII. «Атом–молекула» ойыны
- «Атом» командасынан кейін оқушылар ретсіз қозғалады.
- «Молекула-1», «Молекула-2», «Молекула-3» командаларынан кейін сәйкесінше 1, 2, 3 адамнан топтасады.
Ойын кезінде бастапқыда бірге отырған оқушылар орындарын ауыстырады. Мақсат — бірсарындылықты азайтып, сергектік пен қызығушылықты сақтау.
VIII. «Өзің ойлан, сыңарыңмен сырлас, ортаға сал» тапсырмалары
1) ABC үшбұрышында: AB = 16 см, BC = 22 см, ал C төбесінен түсірілген биіктігі 11 см. Үшбұрыштың BC қабырғасына түсірілген биіктігін табыңдар.
2) Ромб диагональдарының бірі екіншісінен 1,5 есе үлкен, ал ауданы 27 см². Ромбтың диагональдарын табыңдар.
IX. Сабақты бекіту
«Шеңбер уақыты» техникасы бойынша талқылау сұрақтары:
- Төртбұрыштардың негізгі қасиеттері тұрмыста жиі қолданыла ма?
- Төртбұрыштардың архитектурада кең қолданылуының себебі неде?
X. Оқушыларды бағалау
Оқушылардың жауаптары мен топтық жұмыстағы белсенділігі ескеріле отырып, қорытынды бағалау жүргізіледі.
XI. Үйге тапсырма
Аудан формулаларын қайталау, берілген тақырып бойынша қосымша есептер шығару және өлшем бірліктерін түрлендіруді пысықтау.