Дене бұлшықеттерін ата
Биология • 8-сынып
Сабақтың тақырыбы
Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алу. Қаңқа мен бұлшықеттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері.
Жұмыс
№9 зертханалық жұмыс
Тақырып
Антропометриялық әдіспен өсу мен даму деңгейін анықтау
Сабақ түрі
Ізденіс, ақпараттық
Әдістер
Топтық жұмыс, зерттеушілік
Көрнекілік
Интерактивті тақта, дайын слайдтар, бейнематериалдар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға тірек-қимыл жүйесінің маңызын түсіндіру, дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алу жолдарын меңгерту. Денсаулықтың өмірдегі ең қымбат құндылық екенін ұғындыру.
Дамытушылық
Жеке гигиена талаптары туралы түсінікті кеңейту, аурудың алдын алу дағдыларын қалыптастыру. Санитарлық-гигиеналық талаптарға сай әрекет ету мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік
Өз ағзасын зерттеуге, денсаулығын сақтауға және қорғауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныптың дайындығын тексеру.
- «Миға шабуыл»: доп лақтыру арқылы өткен тақырыптар бойынша белгілі ғалымдарды еске түсіріп, білім қорын жинақтау.
- Топқа бөлу: лента түстері арқылы бөліну және бір-біріне тілек айту.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1-топ: «Мозаика» арқылы бағалау
Сұрақ-жауап- Бұлшықет деген не?
- Бұлшықеттер құрамы мен құрылысына қарай қандай түрлерге бөлінеді? Сипаттама бер.
- Бас бұлшықеттерінің құрылысы қандай?
- Дене бұлшықеттерін ата.
- Бицепс пен трицепс қандай бұлшықеттер?
- Қажу дегеніміз не?
2-топ: Тест тапсырмалары
10 сұрақ1) Омыртқаның қозғалуына әсер етіп, денені тік ұстауды қамтамасыз ететін бұлшықет:
а) қол-аяқ ә) арқа б) жамбас
2) Шайнау бұлшықеттеріне тән ерекшелік:
а) астыңғы жақ сүйегіне бекінеді ә) бет сүйегіне бекінеді б) тіске бекінеді
3) Адамда қанша бұлшықет бар?
а) 200–300 ә) 400–600 б) 100–300
4) Бас бұлшықеттері:
а) шайнау, ымдау ә) мойын, жақ б) бет, маңдай
5) Ұзын бұлшықеттер:
а) бас ә) аяқ-қол б) кеуде
6) Тыныс алуға қатысатын бұлшықет:
а) қабырғааралық ә) құрсақ б) арқа
7) Бұлшықеттерге тән қасиет:
а) жиырылғыштық ә) серпімділік б) қаттылық
8) Қаңқа бұлшықеттері:
а) бірыңғай салалы ә) көлденең жолақты б) жүрек бұлшықеті
9) Жалпақ бұлшықеттер:
а) тұлға ә) қол-аяқ б) қабырғааралық
10) Адам ағзасындағы ең күшті бұлшықет:
а) ымдау бұлшықеті ә) шайнау бұлшықеті б) тіл бұлшықеті
Тест жауаптарының қорытындысы
1) ә 2) а 3) ә 4) а 5) а 6) а 7) а 8) а 9) а 10) б
Бұлшықеттер туралы қызықты деректер
- Күлгенде шамамен 17 бұлшықет қимылға келеді.
- Ренжігенде 40-тан астам бұлшықет қимылға келеді.
- Бұлшықеттер дене салмағының 2/5 бөлігіне дейін құрауы мүмкін.
- Орта есеппен ер адамдарда бұлшықет салмағының үлесі әйелдерге қарағанда жоғары болады.
- Ең ірі бұлшықет — бөксе бұлшықеттері: жүру, жүгіру, секіру кезінде денені алға итеруге қатысады.
- Ең кіші бұлшықет — құлақтың ішкі бөлігінде орналасқан үзеңгі бұлшықеті.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушыларға №1, №2, №3 мәтіндері беріледі. Алдымен мәтінді түсініп оқуға уақыт бөлінеді. Оқып болған соң бірдей нөмірлі мәтінді алған оқушылар қайта топтасып, Т-кесте құрады және қорғайды.
Мәтін 1
Гиподинамия
Мәтін 2
Жалпақтабандылық
Бейнематериал: Қазақстандағы жалпақтабандылықтың алдын алу
Мәтін 3
Сколиоз, лордоз, кифоз
Т-кесте құрылымы
Пайда болу себебі
Қалыптасу факторлары, күн тәртібі, қозғалыс белсенділігі, аяқ киім, қалып.
Алдын алу
Дұрыс жаттығулар, дұрыс отыру, жүктемені реттеу, аяққа күтім, профилактика.
IV. Бекіту
Тақырып бойынша сұрақ-жауап, қорытындылау және күнделікті өмірде қолдануға болатын алдын алу ұсыныстарын нақтылау.
Автор туралы мәлімет
Мекеме: ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкжайық орта мектебі КММ
Пән: Биология
Мұғалім: Айкенова Айжан Серікқановна