Power Point бағдарламасында жасақтама мен қалыптар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Тақырып
- PowerPoint 2000 бағдарламасында слайд-фильмдер жасау
- Сабақтың типі
- Оқушы білімін бекіту
- Сабақтың түрі
- Практикалық
- Әдісі
- Деңгейлеп-саралап оқыту
- Пәнаралық байланыс
- Бейнелеу өнері, қазақ тілі
- Көрнекілігі
- Компьютер
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Слайд-фильм жасауға арналған құралдарды дұрыс қолдану, негізгі командаларды орындау дағдыларын меңгерту.
Тәрбиелік
Эстетикалық талғамды қалыптастыру, нәтижеге ұмтылуға және уақытты тиімді пайдалануға дағдыландыру.
Дамытушылық
Презентацияға арналған графикалық жұмыстарды орындау арқылы бейнелік ойлауды дамыту.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға сабақтың мақсаты мен барысы түсіндіріледі. Бұл сабақта сіздер PowerPoint компаниясының 45 минуттағы жұмысын көрсетесіздер. Әуелі компанияға жаңа қызметкерлер қабылданады. Ол үшін осы редактор бойынша сынақтан сүрінбей өту керек. Сәттілік!
I. «Қызықты бестік» сынағы
Негізгі ұғымдарды еске түсіріп, қысқа әрі нақты жауап беріңіз.
- 1. PowerPoint дегеніміз не?
- 2. Дизайн (жасақтама) және қалыптарды қолдану деген не?
- 3. Слайдтарды безендіру деген не?
- 4. Анимацияны баптау деген не?
- 5. Көрсетілімді (слайд-шоуды) көрсету деген не?
II. «Кім жүйрік?» шығармашылық тапсырмалар
Әр бөлім өз бағыты бойынша қысқа дизайн-жоба дайындайды.
1) «Құттықтау әлемі»
16 желтоқсан мерекесіне арналған құттықтау дизайнын жасау.
2) «Әсемдік әлемі»
Жаңа жыл мерекесіне арналған құттықтау дизайнын жасау.
3) «Сұлулық әлемі»
8 Наурыз мерекесіне байланысты құттықтау дайындау.
4) «Арманшыл әлемі»
«Мен кәсіпкер болсам» тақырыбына мәтін құрастырып жазу.
5) «Жаңалықтар әлемі»
Биылғы жылы болған жаңалықтар туралы сызба (схема) сызу.
III. «Кім шапшаң?» компьютерлік тест
Тест 20 сұрақтан тұрады. Нәтижені компьютер автоматты түрде бағалайды.
-
1) PowerPoint бағдарламасында F5 пернесі қандай әмірді орындайды?
- a) анимацияны баптау
- ә) слайд сипаттары
- б) анықтама мәзірі
- в) слайд-шоуды көрсету
-
2) Бір файлға жинақталған слайдтар нені құрайды?
- a) суреттер
- ә) кодтар
- б) көрме
- в) көрсетілім
-
3) Көрсетілімде өң, тақырып, мәтін және сызықтардың түсін таңдау қандай әмірлер арқылы орындалады?
- a) Пішім → Слайд орналасуы
- ә) Пішім → Өң
- б) Көрініс → Үлгі → Слайдтар үлгісі
- в) Пішім → Слайдтың түстік сұлбасы
-
4) PowerPoint терезесінің қай бөлімінде «Жаңа» (New) әмірі орналасқан?
- a) Файл
- ә) Слайдтарды көрсету
- б) Кірістіру
- в) Көрініс
-
5) Сурет салу құралдар тақтасындағы қай батырма фигураның ішкі түсін өзгертеді?
- a) Көлеңке мәнері
- ә) Бояу түсі
- б) Әріп түсі
- в) Сызба түсі
-
6) PowerPoint бағдарламасын қандай әмірлер арқылы іске қосамыз?
- a) Жұмыс үстелі → Бастау → PowerPoint
- ә) Тапсырмалар тақтасы → Баптау → Басқару үстелі → PowerPoint
- б) Бастау → Бағдарламалар → PowerPoint
- в) Бастау → Іздеу → PowerPoint
-
7) PowerPoint бағдарламасында жасақтама мен қалыптар не үшін қолданылады?
- a) сызбалық кескіндерді кірістіру үшін
- ә) айрықша слайдтарды әзірлеу үшін
- б) слайдтарды безендіруді жеңілдету үшін
- в) электрондық кестелерді кірістіру үшін
-
8) Жекелеген нысандарға арналған анимация пәрмендері қай әмір арқылы белгіленеді?
- a) Слайдты көрсету → Әрекеттерді баптау
- ә) Слайдты көрсету → Көрмені баптау
- б) Слайдты көрсету → Анимация пәрмендері
- в) Слайдты көрсету → Анимацияны баптау
-
9) Слайд макетін таңдау қандай әмірлер арқылы жүзеге асады?
- a) Пішім → Слайд орналасуы
- ә) Пішім → Слайдтың түстік сұлбасы
- б) Өңдеу → Арнайы қою
- в) Кірістіру → Слайдты көшірмелеу
-
10) Төмендегі нұсқалардың қайсысы файл кеңейтілімі болып табылады?
- a) штрих мәнері
- ә) сызық түрі
- б) қаріп түсі
- в) сызық түсі
-
11) PowerPoint көрсетілім файлының кеңейтілімін көрсетіңіз.
- a) ppt
- ә) pps
- б) dip
- в) jpa
-
12) Қай батырма тұтас сызықты үзік сызыққа ауыстыруға арналған?
- a) көрсеткі түрі
- ә) сызық түрі
- б) сызық
- в) штрих мәнері
-
13) Слайд ауысуына дыбыс қосуды қалай орындаймыз?
- a) Кірістіру → Фильмдер және дыбыстар → Файл дыбысы
- ә) Кірістіру → Фильмдер және дыбыстар → Дыбысты жазу
- б) Кірістіру → Фильмдер және дыбыстар → Суреттер жинағының дыбысы
- в) Слайдты көрсету → Слайдтар ауысуы → Дыбыс
-
14) PowerPoint не үшін қажет?
- a) интернет беттерін жасау үшін
- ә) ақпаратты қабылдауды күшейтетін көрсетілімдер жасау үшін
- б) мәтіндік құжаттарды сызбалық нысандармен жасау үшін
- в) формулаларды есептеу үшін кестелер жасау
-
15) Мәтіндік блокты кірістіруге арналған батырма қайсы?
- a) Жазу
- ә) Қаріп
- б) Сопақ
- в) Тік төртбұрыш
-
16) Қай әмір кез келген нысанды басқару батырмасына айналдырады?
- a) Уақытты баптау
- ә) Көрмені баптау
- б) Анимацияны баптау
- в) Әрекеттерді баптаулар
-
17) «Анимацияны баптау» әмірі қай мәзірде орналасқан?
- a) Пішім
- ә) Файл
- б) Кірістіру
- в) Слайдтарды көрсету
-
18) Көрсетілімнің түрлі нысандардан тұратын бөлігі қалай аталады?
- a) сурет
- ә) кадр
- б) слайд
- в) бет
-
19) WordArt нысанының түсін қандай әмір арқылы өзгертуге болады?
- a) WordArt нысаны пішімі → Сурет → Бояу → Түс
- ә) WordArt жинағы → Мәтінді өзгерту
- б) Әрекеттер → Түстер мен сызықтар → Мәтін түсі
- в) WordArt нысаны пішімі → Сурет → Түс
-
20) WordArt құралдар тақтасын ашу қандай әмірлер арқылы жүзеге асады?
- a) Кірістіру → WordArt
- ә) Құралдар → Құралдар тақтасы
- б) Көрініс → WordArt
- в) Көрініс → Құралдар тақтасы
IV. «Кім ойшыл?» шығармашылық ойыны
Компания президенті жаңадан қабылданған қызметкерлермен сұхбаттасады. Информатикада қолданылатын сөздерден «Тәуелсіз елім» тіркесін құрастырыңыз.
- Т — тышқан
- Ә — әмбебап
- У — Уэйн Пикетт (1968 ж., «винчестерді» ойлап шығарған ғалым)
- Е — ереже
- Л — лазерлі
- С — сканер
- І — іске қосу
- З — «Зианкес»
- Е — енгізу
- Л — лаборант
- І — іздеу
- М — монитор
Қорытынды кезең
V. Бағалау
Бөлім мүшелерін «компания мүшелері» бағалайды.
VI. Үздік дизайнер
Үздік дизайнер анықталып, марапатталады.
VII. Үй тапсырмасы
Қайталау.