Сөзжұмбақ Қоқыс жинайтын құрал
Ақтөбе қаласы • Бастауыш сынып мұғалімі: Курмалова Асель Агисовна
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 2-сынып
Сабақтың тақырыбы
Дауыссыз Қ мен Ғ
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған жаттығулар орындау; сауатты, қатесіз жазуға төселдіру.
Білімділік
Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық
Ақыл-ойын, ой-өрісін, логикалық ойлауын және есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі
Қайталау, пысықтау сабағы.
Әдіс-тәсілдері
Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Құрал-жабдықты ретке келтіру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
4-жаттығу
Бүгінгі сабақ — ойын сабағы. Үй тапсырмасын «Атаға көмектесу» ойынынан бастаймыз. Мектеп ауласын тазартатын ата бізден көмек сұрады. Қазір күз мезгілі, ағаштардың жапырақтары аулаға көп түседі. Сол жапырақтарды жинауға көмектесу үшін сөзжұмбақты дұрыс шешейік.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- Қоқыс жинайтын құрал.
- Ас ішетін құрал.
- Жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға алынған жер.
- Ағаштың діңін қаптап тұратын нәрсе.
- Сүттен жасалатын тағам.
Тапсырма
Сөз соңына -ы, -і дыбыстарының тиістісін қосып оқы:
- Қалақ — қалағы
- Қасық — қасығы
- Қорық — қорығы
- Қабық — қабығы
- Қаймақ — қаймағы
III. Жаңа сабаққа кіріспе (сұрақ-жауап)
Сұрақ
Қазір қай мезгіл?
Күз.
Сұрақ
Күзде ауа райы қандай болады?
Суық.
Сұрақ
Қыста аяғымызға не киеміз?
Етік.
Сұрақ
Етігімізді кім жөндейді?
Етікші.
IV. Оқулықпен жұмыс
Жаттығулар топтамасы
1-жаттығу
Қ / ҒКөп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз:
- Сөздердің мағынасын түсіндір.
- Осы сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрастырып жаз.
2-жаттығу
Жаңылтпашты жатқа жаз:
Құлағы үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.
Қарамен жазылған сөздегі ы әрпін алып тастап оқы. Қандай өзгеріс байқадың?
3-жаттығу
- Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
- Қ дыбысы бар қандай сөздерді қолдандың?
- Сол сөздерге -ы әрпін қосып жаз.
V. Сергіту сәті және бекіту
4-жаттығу
Сөйлем құрастыруОрны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыр:
-
Емшісі, орман, тоқылдақ, болады.
-
Аяғынан, қарлығаш, жараланыпты.
-
Соң, кемпірқосақ, шығады, жаңбырдан.
-
Бетінде, жапырақ, шық, етеді, жылт-жылт.
Қосымша тапсырма
- Қ дыбысына аяқталған сөздерге дыбыстық талдау жаса.
- Осы сөздерге дауысты дыбыс жалғап оқы.
VI. Қорытынды
«Ұйқасын тап» ойыны арқылы сабақ қорытындыланады.
VII. Үйге тапсырма
5-жаттығу
Жұмбақ-өлеңді оқып, шешуін тап. Бұл қандай бұйым?
Қайқылау бас жағы сәл,
Аса ыңғайлы сабы бар.
Сұйық тамақ ішкенде,
Ыстық тамақ ішкенде,
Ол қолыңнан табылар.
Тапсырма
Жауабын жазып, Қ дыбысына аяқталатын сөздердің астын сыз.
VIII. Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындауы, белсенділігі және сауатты жазуы ескеріледі.