Бүгінгі болашақ жастарымыз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз
Ел ертеңі — есірткісіз болашақ
ХХІ ғасыр — біздің ұрпаққа бұйырған мүмкіндік пен жауапкершілік дәуірі. Егемен еліміздің көк туы ашық аспан астында желбіреп тұр. Бұл — ата-бабамыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, ақтық демі қалғанша күресіп жеткен аманаты.
Тәуелсіздік аманаты және жастарға сенім
Қазақ даласы ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне сан түрлі сыннан өтіп жетті. Ақындарымыздың «ел ертеңі — жастардың қолында» деген ойды өлеңмен өрнектеуі де бекер емес. Халық жастарға сенеді. Бірақ сол сенім бүгін қалай ақталып жатыр?
Әрине, «бес саусақ бірдей емес». Барлық жастарға бірдей кінә тағуға болмайды. Дегенмен, кей тұста рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік пен адалдық, қайрат-жігер, тіпті денсаулық мәдениеті де жеткіліксіз болып көрінеді. Қоғамның бір бөлігі азғындау жолына жақындап бара жатқандай әсер қалдырады.
Ойланайық: бүгінгі жасты не қызықтырады?
ХХІ ғасыр — білім ғасыры. Елді көркейту, оны келер ұрпаққа аман жеткізу — білімді де жігерлі жастардың қолында. Бірақ дәл осы кезеңде нашақорлық пен маскүнемдікке бой ұратындардың қатары да азаймай отыр.
Қауіптің аты — тәуелділік
Неге біз денсаулығымызды да, жанымызды да таза ұстап, талғамымыздың биіктігін танытып, салауатты өмір сүрмейміз? Бұған не кедергі, кім кінәлі? Ең алдымен жауапкершілік әр адамның өзінде. Кейде біз өз келешегіміз туралы ойлауды кейінге ысырып қоямыз.
Аулақ болу керек
- Темекі тарту
- Спирттік ішімдіктерге әуестік
- Есірткілік заттарға тәуелділік
Орнына ұсынар балама
- Қымыз бен қымыран сияқты ұлттық сусындарды таңдау
- Таза ауада көбірек серуендеу, қозғалысты арттыру
- Білім мен өнерге уақыт бөлу, пайдалы орта қалыптастыру
Елдіктің өлшемі — тәрбиелі ұрпақ
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөздің мағынасы бүгін бұрынғыдан да терең. Енді ғана еңсесін көтеріп келе жатқан еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтың орны бөлек. Өйткені барлық жігер мен қайрат, ел ертеңін айқындайтын шешім — болашақ жастардың қолында.
Мемлекет жүктеген міндет
Ел дамуы туралы үндеулерде: бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұрғаны атап көрсетіледі. Бұл — жастарға артылған зор сенім мен үміт.
Қорытынды үндеу
Сол сенімді ақтау — әр жастың, әр отбасының, әр ұстаздың және тұтас қоғамның ортақ міндеті. Еліміздің ертеңі болатын жастарды есірткісіз болашаққа бірге жетелейік.
Автор
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі — Каримбаева А.