Металдар тұрмыста

Сабақ тақырыбы: «Металдар» тарауын қайталау (9-сынып)

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: металдардың маңызы, қосылыстары, қолданылуы және кен орындары туралы білімді жүйелеу, тарауды қорытындылау.
  • Дамытушылық: химиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауын бақылау, реактивтермен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
  • Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік

  • Слайдтар
  • Химиялық реактивтер
  • Құрал-жабдықтар

Сабақ форматы

  • Түрі: қайталау сабағы
  • Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. «Ғажайып жетілік»

7 ұяшықтан тұратын тапсырма: оқушылар ұяшықтағы сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинайды.

1-ұяшық

Металдардың ортақ қасиеттері қандай? Сипаттама беріңдер.

2-ұяшық

Қара металдар тобына жататын элементті атаңдар.

3-ұяшық

Түсті металдарды атаңдар.

4-ұяшық

Сирек кездесетін металдарды атаңдар: Li, Rb, Cs, Be, Mo, W, Zr, Nb, Ta.

5-ұяшық

Алюминий және оның қосылыстары Қазақстанның қай аймағында кездеседі?

6-ұяшық

Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын кім ұсынды?

7-ұяшық

Жемірілу (коррозия) қандай құбылыс?

III. «Тапқырлық»

Оқушыларға металдың физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы мәлімет беріледі. Сол арқылы жасырылған металды тауып, сол металлға қатысты мақал-мәтел айтады.

Темір (Fe)

Жасырын металл
  • Магниттік қасиетке ие.
  • II және III валентті.
  • Атомында 26 протон бар.

Мақал-мәтел:

Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуың оңай; Темір кессең қысқа кес, ұзартуың оңай.

Алтын (Au)

Жасырын металл
  • Бағалы металл, шірімейді.
  • Салыстырмалы атомдық массасы: 197.
  • Жылтыр.

Мақал-мәтел:

Алтын-күміс тас екен, Арпа-бидай ас екен.

Темір (Fe)

Жасырын металл
  • Гемоглобин құрамына кіреді.
  • Гематитпен байланысты.
  • Тат басады.

Мақал-мәтел:

Ескі мата бөз болмас, Ескі темір біз болмас.

Күміс (Ag)

Жасырын металл
  • Бағалы, құнды металл.
  • Әшекей бұйымдарда қолданылады.
  • Бактерияларды жояды.

Мақал-мәтел:

Тағасының күмісіне мақтанба, Атыңның жүрісіне мақтан.

Мыс (Cu)

Жасырын металл
  • Қызғылт түсті, жылтыр.
  • Электр тогын жақсы өткізеді.
  • Қола қорытпасының құрамында болады.

Мақал-мәтел:

Пәлен жерде алтын бар, Барсаң мыс та жоқ.

Алтын (Au)

Жасырын металл
  • Шірімейді, қараймайды.
  • Бұзылмайды, ірімейді.

Мақал-мәтел:

Жылтырағанның бәрі алтын емес.

IV. «Артығын тап»

Әр қатардағы заттарды салыстырып, топқа сәйкес келмейтінін (артығын) анықтаңдар.

1-топ

  • Литий
  • Натрий
  • Калий
  • Кальций
  • Оттек

2-топ

  • Мыс
  • Алтын
  • Хлор
  • Күміс
  • Алюминий

3-топ

  • Магний
  • Мырыш
  • Цезий
  • Күкірт
  • Барий

4-топ

  • Титан
  • Йод
  • Рубидий
  • Стронций
  • Натрий

V. «Қасиетімді таны»

Темір, алюминий, мыс және қышқылдар беріліп, тәжірибе/бақылау арқылы металдардың негізгі қасиеттері түсіндіріледі.

Қауіпсіздікке назар

  • Реактивтермен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.
  • Қышқылдармен жұмыс істегенде жеке қорғаныс құралдарын қолдану.
  • Құрал-жабдықтарды ұқыпты пайдалану.

VI. «Металдар тұрмыста»

Металдардың тұрмыста қолданылуын мысалдармен түсіндіріңдер (ыдыс-аяқ, құрылыс, электр сымдары, әшекей, медицина және т.б.).

VII. Есеп шығару

Есептерді теңдеу құрып, өлшем бірліктерін сақтай отырып шығарыңдар.

1-есеп

Массасы 32 г темір(III) оксидін тотықсыздандыру үшін қанша алюминий қажет?

Жауабы 10,8 г

2-есеп

Массасы 18 г мыс пен темірден тұратын қоспа 8,415 л хлормен әрекеттессе, бастапқы қоспаның құрамы қандай?

Жауабы

Темір: 8,46 г

Жауабы

Мыс: 9,54 г

VIII. Үй тапсырмасы

«Металдар» тарауын қайталау: негізгі ұғымдар, қасиеттер, қолданылуы, кернеу қатары және есептер.