Қазақ хандығының тұсындағы батырлар

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Егеменді ел қорғаны — Қарулы Күштер
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты

1) Оқушыларда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы түсінік қалыптастыру; әрбір азаматтың Отан алдындағы борышын өтеу — парыз екенін ұғындыру; ҚР Қарулы Күштерінің тарихи кезеңдерін таныту.

2) Қарулы Күштердің мемлекетімізді сыртқы қауіп-қатерден қорғау үшін қажет екенін түсіндіру.

3) Отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу; Қазақстанның Қарулы Күштерін мақтан тұтуға баулу, патриоттық сезімді ояту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері
Психологиялық дайындық, оқулық бойынша әңгіме, эссе, топтық жұмыс, сұрақ–жауап.
Көрнекіліктер
Қарулы Күштер туралы фотосуреттер, слайдтар, оқулық, парақтар, кестелер және т.б.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Қоңырау біздің сиқырлы,

Сыңғырлап тағы ән салды.

Шақырды түріп ұйқыңды,

Шеңберге тұр, – деп баршаңды!

Топқа бөлу

Төсбелгілер арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді:

  • 1-топ: Құрлық әскері
  • 2-топ: Әуе әскері
  • 3-топ: Теңіз әскері

Сұрақтар арқылы топ басшылары сайланады.

Ой қозғау

Сұрақтарға нақты, қысқа жауап беру:

  1. 1. Қазақтың қазақтығын танытқан не?
  2. 2. Тіл туралы заң қашан қабылданды?
  3. 3. Ресми тілге қай тіл жатады?
  4. 4. Тілдер мерекесін қай күні тойлаймыз?
  5. 5. ҚР-дың мемлекеттік тілі қай тіл?

Топтастыру: Ана тіліне арнап жылы сөздер айтайық.

Егеменді ел қорғаны — Қарулы Күштер.

II. Жаңа сабақ

Елдің егемендік алуына, тіліміздің сақталуына үлес қосқан батырларды атай аламыз ба?

Қабанбай, Бөгенбай, Әлия, Мәншүк, Бауыржан, Қайрат, Ләззат, Сәбира және т.б.

Тақырыпты ашу

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Егеменді ел қорғаны — Қарулы Күштер».

Тәуелсіздігіміздің қалыптасуына үлес қосқан батырлар — ел тыныштығы мен бейбітшілігінің тірегі. Бүгінде де мемлекет қауіпсіздігін қорғайтын ер азаматтар бар. Олар — әскер немесе Қарулы Күштер деп аталады.

Негізгі сұрақтар

  • Қарулы Күштер дегеніміз не?
  • Қарулы Күштер не үшін қажет?

«Жылдар сөйлейді»

Кеңес Одағы тарағаннан кейін, қысқа мерзім ішінде 1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды.

Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.

ҚР Қарулы Күштерінің басты мақсаты:

  • Елдің егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғау.
  • Экономиканы, мемлекеттік институттарды және азаматтарды соғыс қатерінен сақтау.
  • Әскери қақтығыстардың алдын алу.

Сондай-ақ 7 мамыр — Отан қорғаушы күні мемлекеттік мереке ретінде белгіленген.

Сергіту сәті

«Сарбаздар әні»

Топтық жұмыс

Оқушыларға мәтін бөліктері таратылады (оқу — 2 минут). Оқылған мәтін бойынша постер құрастырылады:

  • 1-топ: Қазақтың Қарулы Күштері
  • 2-топ: Қазақ хандығы дәуіріндегі батырлар
  • 3-топ: Ұлы Отан соғысы кезіндегі батырлар

Ой толғау

1-топ

«Мен Бас қолбасшы болсам…» (эссе)

2-топ

Өлең құрастыру

3-топ

Мақал-мәтел айту

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді тізбектей оқу.

Суретпен жұмыс

  1. 1. Суреттегі ескерткіш кімдерге арналған деп ойлайсыңдар?
  2. 2. Әлия мен Мәншүк кімдер?
  3. 3. Олар қай соғыста ерлік көрсетті?
  4. 4. Біз бұл батырларға қашан гүл қоямыз? Неліктен?

III. Қорытындылау

«Иә / Жоқ» сұрақ-жауап ойыны

«Иә» — қол шапалақтау, «Жоқ» — аяқпен тарсылдату.

  1. 1. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы — Президент.
  2. 2. Қарулы Күштер мерекесін 9 мамырда тойлаймыз.
  3. 3. Президенттің тікелей қамқорлығындағы әскер тобы «Қыран» деп аталады.
  4. 4. Ұлы Отан соғысында Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова сияқты батырлар ерлік көрсетті.
  5. 5. Қазақстанның Қарулы Күштеріне құрлық әскері, әуе әскері, әскери-теңіз күштері және Ұлан жатады.

Бағалау

Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.

Үй тапсырмасы

  1. 1. Мәтінді түсініп оқу.
  2. 2. «Отанды қорғау — басты парызың» тақырыбында ой толғау жазу.