Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Шабар ауылы
Абай атындағы орта мектеп
Информатика пәні мұғалімі: Тиштенова Мадина Танатқызы
Пәні: Информатика
Сынып: 5
Сабақ тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар
Мақсаты
Оқушылар файлдар, бумалар және белгішелерді (жарлықтарды) құруды және атауын өзгертуді меңгереді.
Күтілетін нәтижелер
Барлығы
Файлдар, бумалар және белгішелердің (жарлықтардың) не екенін біледі.
Көбі
Бумалар мен жарлықтарды құрып, атауын өзгерте алады.
Кейбіреулері
Файлдар, бумалар және жарлықтарды құру мен атауын өзгертуге мысалдар келтіреді.
Қажетті жабдықтар
- Тақырыптық плакаттар
- Үлестірме парақтар
- Оқулық
- Компьютер
- Белсенді тақта
- Бағалау парақтары
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Блум таксономиясы логикасымен берілген: білу → түсіну → қолдану → талдау → жинақтау → қорытынды.
Кіріспе
2 минут- Амандасу.
- Оқушыларды отырғызбас бұрын 3 топқа бөлу және әр топқа мысалдар жазылған парақшаларды тарату.
Білу
тексеруӨткен тақырыпты компьютерде 5 сұрақтан тұратын тест арқылы тексеру.
Сабақ басында таратылған парақтардағы мысалдарды оқушылар өз ойынша 3 топқа жіктейді.
Әр топтан «Неге бұлай жіктедіңдер?» деген сұрақ арқылы талқылап, сабақ тақырыбын бірлесіп анықтау.
Оқушылармен бірге сабақ критерийлерін құрастыру.
Түсіну (тұсаукесер)
3 минутЖаңа сабақ материалы Camtasia бағдарламасында дайындалған түсіндірме арқылы экранда көрсетіледі.
Негізгі бөлім
5 минутҚолдану тапсырмалары
- Кез келген файлдар үшін (өз қалауларың бойынша) жарлық құрыңдар.
- Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды 4 тәсілмен реттеңдер.
- Құрылған жарлықтардың белгішелерін ауыстырыңдар.
- Құрылған жарлықтардың біреуін Қоржынға апарыңдар.
- Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.
Талдау тапсырмалары
- Бірінің ішіне бірі салынған бірнеше бума құрыңдар.
- Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар.
- Жұмыс үстелінде өз бумаларың үшін жарлықтар құрыңдар.
- Құрылған жарлықтардың атауын өзгертіңдер.
- Құрылған жарлықтардың белгішелерін ауыстырыңдар.
- Құрылған жарлықтардың біреуін Қоржынға апарыңдар.
- Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.
Сергіту сәті
ойын«Қарлы бекет» ойыны.
Жинақтау тапсырмалары
- Мәтіндік редакторда жарлық құрудың барлық мүмкін тәсілдерін сипаттаңдар.
- Құжатты «Жарлық құру» деген атпен сақтаңдар.
- Осыған ұқсас «Бума құру» атты құжат құрыңдар.
- Екі файлды Жұмыс үстелінде өз аттарыңмен аталған бумаға сақтаңдар.
- Осы бума үшін жарлық құрыңдар.
- Буманың атын «Жұмыс» деп өзгертіңдер.
- «Жұмыс» бумасын жасырын етіңдер.
- «Жұмыс» бумасын жойыңдар.
- «Жұмыс» бумасын Қоржыннан қайта қалпына келтіріңдер.
Қорытынды
8 минутБағалау және қорытындылау
- Оқушылардың жұмыстарын тексеру.
- Сабақты қорытындылауда «Кубизм» әдісін қолдану.
Сабақты бекіту сұрақтары
- Файл дегеніміз не?
- Бума не үшін керек?
- Жарлық дегеніміз не?
- Жарлықты файлдан немесе бумадан қалай ажыратуға болады?
- Жарлық жойылса, не болады?
- Файл атауындағы шектеулерді атаңдар.