Қоян қайда
Сабақтың қысқаша сипаттамасы
Білім беру салалары
Қатынас, таным, денсаулық, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, мүсіндеу.
Тақырып
“Жануарлар әлеміне саяхат” (презентациямен).
Мақсаттар
1) Түсінік қалыптастыру
Жануарлардың табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы түсінік беру. Негізгі топтарымен таныстыру: үй жануарлары және жабайы жануарлар.
2) Танымдық дағдыларды дамыту
Электронды оқулықты қолдану арқылы ой-өрісін, зейінін дамыту және табиғат туралы түсініктерін кеңейту.
3) Қол еңбегі және құндылықтар
Табиғи материалдармен жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру. Қоршаған ортаны сүюге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдістер
- Түсіндіру
- Ойын
- Сұрақ–жауап
- Кейіптендіру
Көрнекіліктер
- Электронды оқулық
- Жануарлардың жеке топтама суреттері
- Электронды ойын
- Жануарлар костюмдері
Мотивациялық кезең
Тәрбиешінің әрекеті
Сәлемдесу:
Үлкенге де — сіз,
Кішіге де — сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
“Біз аңдарды жақсы көреміз” (жылулық шеңбері):
Қоян қорқақ — сәбізді жақсы көреді,
Түлкі қу — терісі оның әдемі.
Аю аңқау — балды жақсы көреді.
Қасқыр батыр әрі қатал келеді.
Тиін жаңғақты шағып жейді.
Бұлардың бәрі де бізге тимейді.
Балалардың әрекеті
- Бір-бірімен сәлемдесіп, амандасу рәсімін орындайды.
- “Біз аңдарды жақсы көреміз” деп хормен айтады және өз қалауы бойынша жануарлардың ерекшеліктерін атайды.
Ізденуші-ұйымдастырушы кезең
Түсіндіру (аудио және көрнекілік)
Жануарлар — тірі табиғаттың негізгі бөлігі. Олар екіге бөлінеді: үй жануарлары және жабайы жануарлар.
Жануарлардың табиғаттағы тіршілігі ерекше әрі қызықты. Олардың адамға тигізетін пайдасы да өте зор.
Үй жануарлары (жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, тауық) адамның үйінің маңында тіршілік етеді.
Жабайы жануарлар — табиғи ортада өз бетімен қорек тауып, тіршілік ететін аңдар. Олардың түрлері өте көп.
Балалардың меңгеруі
- Аудио арқылы жануарлар түрлерімен танысады.
- Жануарлардың үй және жабайы болып бөлінетінін және әр топқа қандай жануарлар жататынын меңгереді.
- Жануарлар табиғаттың ажырамас бөлігі екенін түсінеді.
Ойын: “Баласын ата”
Мақсаты
Үй және жабайы жануарларды бір-бірінен ажыратуға үйрету.
Шарты
Допты лақтыру арқылы жануарлардың төлінің атын атаймыз.
Сұрақтар:
- Қоян — ?
- Қасқыр — ?
- Аю — ?
- Жылқы — ?
- Сиыр — ?
- Қой — ?
Балалардың жауаптары
Қоян
Көжек
Қасқыр
Бөлтірік
Аю
Қонжық
Жылқы
Құлын
Сиыр
Бұзау
Қой
Қозы
Электронды ойынмен жұмыс
Мақсаты
Жануарларды атап, дыбыстарын бір-бірінен ажыратуға үйрету.
Сұрақтар
- Қоян, кірпі, тиін, қасқыр, аю қайда мекендейді?
- Жабайы жануарлардың үй жануарларынан айырмашылығы қандай?
- Аңдар бір-біріне ұқсай ма?
- Қасқыр қайда? Аю қайда? Түлкі қайда? Қоян қайда?
- Аю қалай дыбыстайды? Қимылын көрсетіп көрейік.
Балалардың әрекеті
- Электронды ойын арқылы жануарларды табады.
- Жабайы жануарлардың орманда мекендейтінін меңгереді.
- Жануарлардың қимылын және дыбысын салып көрсетеді.
Назар аударатын ой
Жабайы жануарлар табиғи ортада өздігінен қорек тауып өмір сүреді, ал үй жануарлары адамға жақын жерде тіршілік етеді.
Сергіту сәті
Мәтін
Ормандағы аю, қонжық ұялардан бал іздеді.
Мойындарын оңға бұрды, мойындарын солға бұрды.
Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді.
Оңға бір, солға бір, ағаштарды байқап көрді.
Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді.
Оңға бір, солға бір, қуанғаннан билей берді.
Орындау
- Аю мен қонжықтың қимылын салып, ұялардан бал “іздейді”.
- Мойынды оңға және солға бұрады.
- Орман ішінде “аралап”, ағаштарды “шайқайды”.
- Аяқтарын көтеріп, қуаныштан “билейді”.
Шығармашылық жұмыс: “Жануарлар әлемінде”
Мақсаты
Қол еңбегін дамыту, табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс істеуге үйрету.
Шарты
- Әр топқа тапсырмаларды бөліп беру.
- Қажетті заттармен таныстыру.
- Электронды ойыннан үлгі көрсету.
- Тапсырманы орындауға уақыт беру.
Қажет заттар
Ақ қағаздағы жануарлар суреті, мақта, түйе жүні (түбіті), желім.
Топтық тапсырмалар
I-топ
Қоян
Үлгіге қарап, берілген материалдармен жұмысты орындайды.
II-топ
Түйе
Үлгіге қарап, берілген материалдармен жұмысты орындайды.
Жұмыс барысы
Әр топ қажетті заттармен танысып, электронды үлгіні қарап алады да, тапсырманы орындауға кіріседі.
Рефлексия және қорытынды
Қайталау және тексеру
Бүгін жануарлар туралы не үйренгенімізді электронды оқулық арқылы тексерейік:
- Үй жануарларын тауып, дыбысталуын және қимылын көрсетейік.
- Жабайы жануарларды топтастырып, дыбысталуын және қимылын салып көрейік.
Бағалау
Балалар мадақталады: бүгін сендер үй жануарлары мен жабайы жануарларды жақсы ажырата алатыныңды көрсеттіңдер.
Нәтиже
Балалар электронды оқулықтағы жануарларды тауып, тетіктерін басу арқылы дыбыстарын тыңдап, қайталайды. Еңбегі бағаланып, түрлі-түсті жануар суреттері таратылады.