Ашуланып бір сәтте тұра қалып, Ағылады аспанға фонтан болып
Мұқағали Мақатаев
Түнгі Алматы тұманы ашылғанда,
Алатауға ай келіп асылғанда
Нұр жанады, аспанның жұлдыздары,
Алматының үстіне шашылған ба?!
Сүйіседі көшелер көшелермен,.
Бір рақат сезесің еселенген.
Осы сиқыр қалада өскеніңмен,
Таңданасың туристей кеше келген.
Емен, терек еркімен қауышады,
Қайың менен қарағаш танысады.
Алатаудан басталған ақ бұлақтар,
Алматыға жеткенше жарысады.
Алматыға жеткенде аң - таң болып,
Арықтармен ақырын тартар жолын.
Ашуланып бір сәтте тұра қалып,
Ағылады аспанға фонтан болып.
Судың аты - су ғой, ол бұғына ма,
Тау бұлағы көлшікке тығыла ма?!
Су сәулеге ұмтылып, сәуле суға,
Айналады ғажайып шұғылаға,
Сонда Алматы ұқсайды Құбылаға.
Ұзатылар қыздайын үлпілдеген,
Шақырасың назыңмен, күлкіңменен...
... Жоқ!
Алматы - жүрегі Алатаудың!
Тау ұйқыға кеткенде бүлкілдеген.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Мейірімділік
Еуропадағы дүние жүзіне әйгілі саябақтар
ДАЙАҒАШШЫ
Аллаға шағыру (дағуат)
Ежелгі Қосөзен мифтері
Қазақстан Республикасындағы тұрақты даму
Денсаулықты түсінуді, өзін-өзі түсінуді, стресс, түс
Үш жүзге ортақ хан
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ (1894-1938)- әрі лирик, әрі эпик ақын
ПСИХИКАЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙЛЕР АТАУЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОСТИЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ҚОРҚЫТ туралы
МАХМҰД ҚАШҚАРИ туралы
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН туралы
Қожа Ахмет Яссауи туралы
ШАҚШАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК туралы
ӨТЕҒҰЛҰЛЫ ӨТЕГЕН туралы
Мемлекеттің пайда болуы туралы
Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері туралы