Дененің жылулық күйін өлшейтін құрал

Зияткерлік ойын

«Білім биржасы»

Мақсаты — оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, информатика мен физика пәндері бойынша білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.

2 топ Әр топта 3 оқушы 5 кезең Бастапқы капитал: 5000 тг

Ойын құрылымы

Ойын экономикалық аукцион үлгісінде өтеді: әр дұрыс жауап — капиталды көбейтудің мүмкіндігі, әр қате жауап — тәуекел. Шығыс ғұламасы Әбу Райхан әл-Бируни: «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы — білім» деген. Ал А. Байтұрсыновтың ойы бойынша: «Білім — біліктілікке жеткізер баспалдақ, біліктілік — сол білімді іске асыра білу дағдысы».

Қаржылық ереже

  • Әр топтың бастапқы капиталы — 5000 тг.
  • Пән сұрақтарының бастапқы бағасы — 1000 тг.
  • Капитан бағаны 1000 тг-ден жоғары көтере алады.

Тәуекел

  • Дұрыс жауап берілсе — ұтыс (сұрақ құны топ қорына қосылады).
  • Қате жауап берілсе — сол сома капиталдан шегеріледі.
  • Егер топ барлық қаржысын тәуекелге қойып, қателессе — банкрот (аукционға қатыса алмайды).

I кезең: Білім аукционы

Экономикалық ойын шартымен 4 лот ойнатылады.

Базалық баға

1000 тг / сұрақ

№1 лот — Математика

Сұрақ: Үш ат жегілген шана 1 сағатта 15 км жүріп өтті. Әрбір аттың жылдамдығы қандай?

Жауабы: 15 км/сағ

№2 лот — Физика

Сұрақ: Дененің жылулық күйін өлшейтін құрал қалай аталады?

Жауабы: термометр

№3 лот — Информатика

Сұрақ: Англиядағы бір қаланың атауы, калибрі 30×30 болатын мылтықтың атауы және компьютердің бір элементі арасындағы байланысты білдіретін құрылғы.

Жауабы: винчестер

№4 лот — Ұлы тұлғалар галереясы

Сұрақ: Microsoft компаниясының негізін қалаған кім?

Жауабы: Билл Гейтс

II кезең: Эрудиттер сайысы

Әр топқа 3 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап — 100 тг. Жауап белгісіз болса, «келесі» деуге болады.

20 сұрақ Жедел формат

I топқа арналған сұрақтар

  1. Латынның information сөзінің мағынасы қандай?
  2. Айға адамзат табаны тиген жыл? (1966 ж)
  3. Монитордағы түрлі түсті нүктелер қалай аталады? (пиксель)
  4. Жылдамдықтың өлшем бірлігі. (м/с)
  5. Компьютердің «миы» атанған құрылғы. (процессор)
  6. Аспан денелерінің пайда болуы мен дамуын зерттейтін ғылым. (космогония)
  7. Астрономиялық бақылауға арналған аспап. (телескоп)
  8. Көбейту кестесінде ақпарат қандай түрде беріледі? (сандық)
  9. Қазіргі пернетақтада қанша перне бар? (101 немесе 102)
  10. Ток күшінің бірлігі. (А)
  11. Операциялық жүйелерді ата. (Windows)
  12. Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама. (температура)
  13. Молекулалардың бір заттан екіншісіне өзара өту құбылысы. (диффузия)
  14. Дискеттің сыйымдылығы. (1,44 Мбайт)
  15. Зат неше күйде болады? (3)
  16. Аты бар байттар тізбегі. (файл)
  17. 1 байтта қанша бит бар? (8)
  18. Н. Коперник қай елдің ғалымы? (поляк)
  19. Ойын объектілерін басқару құрылғысы. (джойстик)
  20. Ең алғаш табылған газ. (гелий)

II топқа арналған сұрақтар

  1. ДК-дің негізгі құрылғыларын ата. (монитор, жүйелік блок, пернетақта)
  2. Ақпараттың өлшем бірліктері. (бит, байт)
  3. Ғарышкерлер күні қашан аталады? (12 сәуір)
  4. Информатика ғылымының негізгі құралы. (компьютер)
  5. Бұлт пен жер арасындағы аса қатты электр ұшқыны. (найзағай)
  6. Молекулалардың ретсіз қозғалысын дәлелдеген ғалым. (Броун)
  7. Ақпаратты сақтау үшін қолданылатын құрылғы. (жад)
  8. Қазіргі ДК қай буынға жатады? (төртінші)
  9. Таза алмаз қай жерде табылды? (Оңтүстік Америка)
  10. Мәтінді қағазға басып шығаратын құрылғы. (принтер)
  11. Дене тең уақыт аралығында бірдей жол жүрсе, бұл қандай қозғалыс? (бірқалыпты қозғалыс)
  12. Кодтау кезінде қандай символдар қолданылады? (екілік жүйе таңбалары — биттер)
  13. Н. Коперник жүйесі қалай аталады? (гелиоцентрлік жүйе)
  14. Тышқанның неше түрі бар? (2)
  15. Бастапқы орын мен келесі орынды қосатын бағытталған кесінді. (орын ауыстыру)
  16. Басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары принтер. (лазерлік принтер)
  17. Бірнеше атом байланысса не түзіледі? (молекула)
  18. Дискета сыйымдылығы сантиметрмен өлшене ме? (жоқ)
  19. Тарихта «екінші ұстаз» атанған ғалым. (Әл-Фараби)
  20. Адам ақпаратты қайда сақтайды? (мида)

Кезең соңында эксперттер алқасы ұпайларды есептеп, аралық қорытындыны жариялайды.

III кезең: Таңдау — табыс

Әр топ өз таңдаған пәні бойынша тапсырма орындайды. Бастапқы баға — 1000 тг (аукцион қағидасымен).

Формат

Жұмбақ / ұғым

Математика

Сол санның өзі шығады,
Санды оған бөлуге болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар сол санға
Шекесінен қараған.
Сан өсін қақ бөлуге
Сол саныңыз жараған.

Жауабы: нөл

Информатика

Бұл құралдың жасы шамамен 2000–5000 жыл. Гректер мен Батыс Еуропа елдері оны — абак, қытайлықтар — суанпан, жапондықтар — серобян деп атаған. Бұл не?

Жауабы: есепшот

Физика

Химиялық элементтің қасиеттерін сақтайтын ең кіші бөлшек.

Жауабы: атом

Тапсырмалар орындалған соң эксперттер жауаптарды бағалап, қорытындысын айтады.

IV кезең: «Абайла, вирус!» — капитандар сайысы

Алдарыңызда шар — «вирус». Оны «Касперский жебесімен» жару үшін тапсырманы жылдам әрі дұрыс орындау қажет. Әр дұрыс орындалған әрекет — 100 тг.

Ұпай

100 тг / дұрыс жауап

Тапсырма

Енгізу және шығару құрылғыларын дұрыс орналастырыңыз.

Енгізу құрылғылары

  • Пернетақта
  • Микрофон
  • Сканер
  • Тышқан

Шығару құрылғылары

  • Монитор
  • Принтер
  • Колонка

Тізім (аралас)

Тышқан, монитор, сканер, принтер, микрофон, колонка, пернетақта, файл, жүйелік блок, модем, дискета, флешка, қапшық, диск, қатты диск, меңзер, қалам, винчестер.

Эксперттер жауаптарды бағалап, кезең нәтижесін хабарлайды.

V кезең: Сыйлықтар аукционы

Топтар жинаған капиталын сыйлықтарға айырбастайды. Әр лотта жұмбақ бар: жауабы дұрыс болса — сыйлық сіздікі.

Бастапқы баға

3000 тг

№1 лот

Мәлімет сақтайды, оған 1,44 Мбайт саны сәйкес келеді. Бұл не?

Жауабы: дискета

№2 лот

Қалтаға сыйып кететін «миникомпьютер». Ресей ғалымдары Чебышев пен Однер ойлап тапқан құрылғы.

Жауабы: калькулятор

№3 лот

Тінтуірін басасың,
Қажетті файлды ашасың.

Жауабы: тышқан

Ойын соңында эксперттер жалпы нәтижені шығарып, жеңімпаз топты анықтайды.

Қорытынды ой

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды 2030 жылы барысқа апаратын — бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстайық. Осындай зияткерлік сайыстарда білімімізді шыңдап, биіктерден көріне берейік. Білім алудан кеш қалмаңыздар!