Алуан - алуан жапырақ
Алтын күз мерекесі
Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданы, Қызылқайың ауылы, Березняк ЖББОМ жанындағы мектепалды даярлық сыныбы. Мұғалім: Зурманбай Балгүл.
Жүргізушінің құттықтауы
Құрметті қонақтар, балалар! Алтын күз мерекесі құтты болсын! Ел ырысын арттырған берекелі, мерекелі күз мезгілі келді. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады. Олай болса, Алтын күзге арналған ертеңгілігімізді бастайық.
Балалардың тақпақтары
1-бала
Алтын, алтын — сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Қойны тола дәмді нан,
Тәттісі көп не түрлі.
2-бала
Қандай өзі береген,
Алмасын-ай, алмасын!
Жемісі көп не деген,
Жеп тауыса алмайсың.
3-бала
Өрік, шие — балы бар,
Қауын-қарбыз көбейді.
Жегің келсе — бәрін ал,
«Неге аласың?» демейді.
4-бала
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Ән
«Күз — жомарт» әні орындалады. Әннің авторы: Д. Ботбаев.
Сұрақ-жауап: Күз мезгілі
Жүргізуші балалармен күз туралы әңгіме өрбітеді:
- Күз мезгіліне қандай айлар жатады?
- Күзде қандай құбылыстар болады?
- Ауа райы қалай өзгереді?
Күзде жапырақтар сарғайып, жерге түсе бастайды. Айнала түрлі түсті кілем жайғандай құлпырады. Енді жапырақтар туралы тақпақтарды тыңдайық.
Жапырақтар туралы тақпақтар
1-бала
Алтын сары, қызыл, көк —
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
2-бала
Күн шуағына маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
3-бала
Ой, алақай, тамаша —
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып-ақ.
Ойын: «Кім тез жинайды?»
Жүргізуші қолындағы алуан түсті жапырақтарды көрсетеді. Балаларға ойын шарты түсіндіріледі: жапырақтар шашылады, ал балалар оны тез жинайды. Кім көп жапырақ жинаса, сол жеңімпаз атанады.
Кейіпкердің келуі: Алтын күз
Осы сәтте ішке Алтын күз өз байлығымен — жемістермен бірге келеді. Үстінде сары ала көйлек, қолында жеміс толы себет. Себетте алма, өрік, қара өрік, құлпынай, шие, қарақат бар.
Алтын күздің сөзі
Сәлеметсіңдер ме, балалар! (Жемістер иіліп амандасады.) Міне, мен бүгін орталарыңа өзімнің байлығым — жемістерімді ерте келдім. Жаз бойы күтіп-баптап, күздің келуін асыға күттіңдер. Жемістерімді қабыл алыңдар. Әрқайсысы енді өзі туралы айтып береді.