Процентке берілген күрделі есептер (факультативтік сабақ)Мақсаты

Сабақтың тақырыбы

Процентке берілген күрделі есептер (факультативтік сабақ)

Мақсаты

Процентке берілген күрделі есептерді шығаруға машықтандыру, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.

Тапсырмалар

Оқулықтағы процентке берілген күрделі есептер (қосымша оқу үшін).

Есептер жинағы

  1. 1-есеп

    Орманның төрттен бір бөлігіндегі ағаштардың 20%-ы, ал қалған бөлігіндегі ағаштардың 10%-ы кесілді. Орман ағаштарының неше проценті кесілді?

  2. 2-есеп

    Егер Асылбектің ақшасына тағы 80% қосса, онда 9000 рубль болады. Асылбекте қанша ақша бар?

  3. 3-есеп

    Екі саудагер қалада бірдей бағамен тауарлардың бірдей санын сатып алып, өз ауылдарына сатуға кетті. Біріншісі сатып алған бағадан екі есе қымбат бағаға сатты. Екінші саудагер алдымен бағаны 60%-ке өсіріп, тауардың төрттен бір бөлігін сатты, содан соң бағаны тағы 40%-ке өсіріп, қалған тауарды сатты. Қай саудагер көбірек пайда тапты?

  4. 4-есеп

    Көктемгі арзандатуда бір дүкенде 3500 теңгелік шарфтар 40%-ке, ал бір аптадан соң тағы 5%-ке арзандатылды. Басқа дүкенде бағасы осындай шарф бірден 45%-ке арзандатылып сатылды. Шарфты қай дүкеннен сатып алған тиімдірек?

    1-дүкен (кезең-кезеңімен арзандату)

    3500 × 0,40 = 1400

    3500 − 1400 = 2100 тг

    2100 × 0,05 = 105

    2100 − 105 = 1995 тг

    2-дүкен (бірден арзандату)

    3500 × 0,45 = 1575

    3500 − 1575 = 1925 тг

    Жауабы

    Шарфты екінші дүкеннен сатып алған тиімдірек.

  5. 5-есеп

    Оқулықта 160 бет бар. Бірінші күні оқушы кітаптың бір бөлігін оқыды, екінші күні қалғанының 65%-ын оқыды, ал үшінші күні кітаптың қалған бөлігін толық аяқтады. Оқушы әр күні неше беттен оқыды?

  6. 6-есеп

    И. А. Гончаровтың «Обломов» романында Илья Обломов көктемде 25%-ке жүдеді, жазда 20%-ке толды, күзде 10%-ке жүдеді, қыста 20%-ке толды. Бір жылдағы жалпы өзгерісі қандай? Жүдеу ме, толу ма?

  7. 7-есеп

    Қарабас-Барабастың сақалы бастапқыда өз салмағының 40%-ын құрайтын, ал Буратино қиып тастағаннан кейін 10%-ын құрайтын болды. Буратино сақалдың қандай бөлігін қиып тастады?

Сергіту тапсырмасы

«Сиқырлы дөңгелек»

Көрсетілген фигурадағы дөңгелекшелерге 2-ден 26-ға дейінгі жұп сандарды әр боялған дөңгелекшенің айналасындағы 6 дөңгелекшедегі сандардың қосындысы 100-ге тең болатындай етіп орналастыр.