Два веселых гуся

Психологиялық тренинг: релаксотренинг

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Жылыбұлақ негізгі мектебінің психологы Ниязова Дамира Қауашқызы ұсынатын тренинг бағдарламасы.

Ұзақтығы

50–60 минут

Қатысушылар

14–17 жас аралығындағы оқушылар

Мақсаты

  • Оқушылардың бір-біріне көмектесу мүмкіндігін арттыру.
  • Эмоциялық-психологиялық қарым-қатынасты қалыптастыру.
  • Өз денесін сезіну және түсіну дағдыларын дамыту.
  • Жүйке жүйесіндегі кернеуді бәсеңдетіп, қозуды төмендету.

Ойын шарттары

Топтық жұмыс

  • Ойын мүмкіндіктерін көрсету және қатысушыларды белсенді қатыстыру.
  • Топ ішіндегі қарым-қатынасты жетілдіру.
  • Өзара байланыс пен қолдауды дамыту.

Жеке жауапкершілік

  • Өз шешімі мен міндетіне сенімді болу.
  • Қатысу мәдениетін сақтау және өзгенің шекарасын құрметтеу.

Біздің топтың ережелері

Бұл бөлімнің мақсаты — тренинг кезіндегі негізгі жұмыс ережелерін талқылап, ортақ келісім ретінде бекіту. Қатысушылар өз ұсыныстарын қосады, барлық ережелер тақтаға жазылады, кейін әркім өз таңдауын жасап, ортақ нұсқа қабылданады. Жүргізуші топтағы қарым-қатынас уақыты мен тәртібін қадағалайды.

Сөйлемді аяқтау үлгілері

Осы топта қажетсіз...

Осы топта қауіпті...

Осы топта мүмкін...

Негізгі ережелер

  1. 1 Осы топта айтылған сөздер осы жерде қалады (құпиялылық).
  2. 2 Сөйлемес бұрын «қол көтеру» ережесін сақтау.
  3. 3 Бір-бірімізге жылы көзқараспен қарау.
  4. 4 Шын жүректен және дұрыс жауап беру.
  5. 5 Бір-бірімізге кедергі жасамай, мұқият тыңдау.
  6. 6 Бір-бірімізді тыңдау және қабылдау.

Жаттығулар топтамасы

Жаттығу 1: «Сәлем»

Әр қатысушы көршісіне жылы және ізгі тілек айтады. Тілек міндетті түрде мына сөйлеммен аяқталады: «Бұл — менің саған сәлемім!» (доп арқылы кезекпен беріледі).

Жаттығу 2: «Салат»

Балалар шеңбер құрып отырады. Шеңбер ортасында жүргізуші тұрады, ал орындық саны қатысушылар санынан біреуге кем болуы керек. Жүргізуші «Қазір тұрады...» деп бастап, бір жемістің атын атайды. Сол жемісті таңдаған балалар орындарын ауыстырады. Орынсыз қалған қатысушы келесі жүргізуші болады.

Қолданылатын атаулар

Алма, апельсин, киви, банан, йогурт.

Бұл ойын топты ұйымшылдыққа, сергектікке және жылдам әрекет етуге жетелейді.

Жаттығу 3: «Шетел тілі»

Жүргізуші қатысушыларға «шетелше сөйлеп көруді» ұсынады. Ол үшін бәрімізге таныс өлең шумағын алып, оны «өзге тілдерге» айналдырамыз:

Жили у бабуси Два веселых гуся. Один серый, другой белый. Два веселых гуся.

Орындау тәсілі қарапайым: өлеңдегі барлық дауысты дыбыстардың орнына бір ғана таңдалған әріпті қоямыз.

Үлгі

Ж*л* у б*б*с* Дв* в*с*л*х г*с*. *д*н с*р*й, др*г*й б*л*й. Дв* в*с*л*х г*с*.

«Тілдер» картасы

  • Полякша«Э»
  • Испанша«И»
  • Французша«Ю»
  • Немісше«У»
  • Ағылшынша«А»
  • Жапонша«Я»

Жаттығу 4: «Сүйікті тағамым»

Санамақ арқылы топтан 3 қатысушы таңдалады. Қалғандары «аспазшы» рөлін атқарады: олардың міндеті — таңдалған қатысушылардың сүйікті тағамын табу.

Ойынның кілті

Бастапқы белгі ретінде бауырсақ алынады. Осы тағамнан кейін қатысушының сүйікті тағамы «жасырылған» болып есептеледі (жүргізуші ойын барысына сай нақтылау енгізе алады).

Жаттығу 5: «Аңшылар»

Қатысушылар жүргізушінің қимыл-қозғалысын және айтқанын дәл қайталайды. Мақсат — зейінді шоғырландыру, бірлескен әрекетті үйлестіру және сергіту.