Мақсатын хабарлау
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
Пән: Дүниетану (1-сынып)
Бөлім: Тағам және сусындар
Тақырып: Дәмді әрі пайдалы
Оқу мақсаты
1.1.4.2 — тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру.
Сабақ мақсаттары
- Барлық оқушылар: дұрыс тамақтанудың қажеттілігін біледі.
- Көптеген оқушылар: дәмді әрі пайдалы тағамдарды зиянды тағамдардан ажыратады.
- Кейбір оқушылар: тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіреді.
Бағалау критерийлері
- Дұрыс тамақтану туралы айтады.
- Пайдалы және зиянды тағамдарды анықтайды.
- Тамақтану режимін сақтау туралы әңгімелейді.
Тілдік мақсат
Оқушылар дәмді, пайдалы, тағам, тағам түрлері, зиянды, ас әзірлеу, ас мәзірі және т.б. сөздер мен терминдерді қолданады.
Құндылықтар және байланыстар
Құндылықтарға баулу
Еңбек пен шығармашылық арқылы астың маңызын түсіну, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау.
Пәнаралық байланыс
Жаратылыстану, сауат ашу, көркем еңбек.
АКТ
Слайдтар, музыка, қосымша ресурстар.
Алдыңғы оқу
- Ертеде адамдар қалай тамақтанған?
- Біз қазір қалай тамақтанамыз?
Сабақтың басы (5 минут)
1) Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушылардың жалпы дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
2) Білімді тексеру (ашық микрофон әдісі)
Алдыңғы тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың түсіну деңгейі анықталады.
- Ертеде адамдар қалай тамақтанған?
- Ертеде адамдардың негізгі тағамдары қандай болған?
- «Шөл даланың наны» деп нені атайды?
- Тамаққа тағы нелерді пайдаланған?
Қорытынды кері байланыс: «Жарайсыңдар!»
3) Топқа біріктіру (жемістер арқылы)
1-топ
Құлпынай
2-топ
Алма
3-топ
Өрік
Топ ережелері
- Тәртіп сақтау.
- Уақытты тиімді пайдалану.
- Басқаның пікірін тыңдау.
- Ұйымшылдық көрсету.
4) Ойлан: жемістер туралы талқылау
Әр топ өз таңдаған жемісі туралы ой бөліседі. Талқылау сұрақтары:
- Балалар, бұлар нелер?
- Дәмі қандай?
- Адам ағзасына пайдалы ма, әлде зиянды ма?
Қорытындылау: «Жарайсыңдар!»
5) Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Мұғалім балаларға сұрақ қояды: «Бүгінгі тақырыбымыз қандай болуы мүмкін?» Оқушылардың жауаптары тыңдалғаннан кейін сабақ тақырыбы хабарланады: «Дәмді әрі пайдалы».
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар қалай дұрыс тамақтану керектігін біледі.
- Дұрыс тамақтану ережелерін бірлесіп құрастырады.