Сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын анықтау
Сабақтың тақырыбы
Ы. Алтынсарин — «Таза бұлақ»
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Мәтінді оқи отырып, негізгі ойды анықтау және ашып көрсету.
2) Дамытушылық
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы оқушыларды өз ойын, пікірін жүйелі айтуға машықтандыру және ойлау қабілетін дамыту.
3) Тәрбиелік
Әңгіме мазмұны арқылы еңбекқорлық, жақсылық жасау, адалдық пен тазалық идеясын бойға сіңіру; адамгершілігі мол, игі істерді сүйетін тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақ түрі
- Жаңа материалды түсіндіру сабағы
- Әдіс-тәсілдер
- Сын тұрғысынан ойлау стратегияларына негізделген топтық жұмыс, «конструкция» әдісі
- Көрнекіліктер
- Бұлақ суреті, мақал-мәтелдер
- АКТ
- Магнитофоннан су сыбдыры (аудио)
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
- Оқушыларды түрлі стикерлер арқылы топқа бөлу.
II. Үй жұмысын тексеру
3 минут
«Серпілген сауалдар» әдісі
Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.
III. Жаңа сабақ
Негізгі бөлім
1) Аудио тыңдау (судың сылдыры)
2 минут
- «Не естіп тұрмыз?»
- «Ол ағып жатқан не?»
2) Сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын анықтау
1 минут
Әр топ СМС-хабарлама құрастыру арқылы сабақ мақсаттарын нақтылайды:
- Мәтіннің мазмұнын түсіну.
- Мәтіннің негізгі ойын анықтау.
- Топпен бірлесе жұмыс істеу.
- Бір-бірінің пікірін тыңдай білу.
3) Мәтінмен жұмыс
7 минут
- А) Мәтінді түсініп оқу — 5 минут.
- Ә) Жұптық жұмыс: мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қою — 2 минут.
4) Үзінді бойынша постер жасау
7 минут
Әр топқа берілген мәтін үзіндісіне сүйеніп, негізгі ойды көрнекі түрде постерге түсіреді.
5) Постерді қорғау
5 минут
Әр топ мүшелерімен бірге шығып, жұмыстарын таныстырып қорғайды.
6) Мақал-мәтелмен жұмыс
Әр топ берілген мақал-мәтелдердің ішінен мәтін мазмұнына сәйкес келетінін таңдап, мағынасын талдап түсіндіреді.
I топ
- Бірлік болмай, тірлік болмас.
- Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
- Ақ жүрген адам азбас.
II топ
- Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.
- Өнерлі бала сүйкімді.
- Жақсы адам — елдің ырысы, жақсы жер — жанның тынысы.
III топ
- Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
- Жақсы ниет — жарым ырыс.
- Отан оттан да ыстық.
IV топ
- Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің.
- Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.
- Отан — отбасынан басталады.
7) «5 жол өлең» әдісі
Бағалау: «Бағдаршам»
- Зат есім: Бұлақ
- 2 сын есім: …
- 3 етістік: …
- Сөйлем құрау немесе мақал жазу.
- Синоним табу.
8) «Әткеншек» әдісі
Әр топ адам бойындағы бір жақсы қасиетті жазады. Сағат тілімен келесі топқа барып, олардың жауабын оқиды, белгі қояды және өз ойымен бір сөз қосып толықтырады. Соңында әр топ өз жазбасын дауыстап оқиды.
IV. Қорытынды
Рефлексия
«Себет»
Сабақты түсіндім: стикерді себетке жапсырамын.
«Еттартқыш»
Толық түсініксіз: стикерді еттартқышқа жапсырамын.
«Қоқыс шелегі»
Мүлде түсінбедім: стикерді қоқыс шелегіне жапсырамын.
Сұрақтар
- Не білдім?
- Не қызықты болды?
V. Бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
VI. Үй тапсырмасы
«Су — тіршілік көзі» тақырыбына эссе (шағын шығарма) жазу.