Отбасының берекесі
Мақсаты мен міндеттері
Бұл сабақтың негізгі мақсаты — «қоғам», «отбасы», «береке» ұғымдарын меңгерту, оқушылардың тілін дамыту және сөздік қорын байыту. Сонымен қатар, дүниетану сабағында білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, жеті модульді ықпалдастыру арқылы еркін сөйлеуге және өзіндік бағалау дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Тәрбиелік бағыты
Оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа және сыйластыққа тәрбиелеу.
Сөйлеу дағдысы
Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеу, жүйелі сөйлеу және пікірін нақты жеткізу.
Міндеттері
- 1. Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып әңгімелеуге жетелеу.
- 2. Балаларды жүйелі сөйлеуге үйрету, тілдік және сөздік қорын дамыту.
- 3. Оқушыларды мейірімді, қайырымды болуға баулу.
Сабақтың құрылымы
Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады: ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру, білімді тексеру, қызығушылықты ояту, мағынаны тану, жаңа сабақты меңгерту, бекіту, қорытынды және үй тапсырмасын беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Хормен айтылатын ұстанымдар
- — Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.
- — Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.
- — Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.
- — Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
Топтық жұмыс ережелері
- Сабақта тыныш отыру.
- Бір-бірімізді мұқият тыңдау.
- Топпен бірлесе жұмыс жүргізу.
- Сабақты зейін қойып тыңдау.
ІІ–ІІІ. Үй тапсырмасы және білімді тексеру
Үй тапсырмасын тексеру
«Жануарлар дүниесін қорғау» тақырыбы бойынша мазмұнын айтқызу.
Тест арқылы білімін тексеру
Жануарлар класы, жәндіктердің белгілері, Қызыл кітап, балықтардың тыныстауы және тіршілік ортасы ұғымдары бойынша сұрақтар.
Мысал сұрақтар
- • Сүтқоректілер деп нені айтады?
- • Жәндіктердің 3 белгісі қандай?
- • Балықтар немен тыныстайды?
- • Қазақстанда Қызыл кітап қай жылы шықты?
Дәптермен жұмыс
Тақырып бойынша сұрақтарға жауап жазу және қорытынды жасау.
Қызығушылықты ояту және мағынаны тану
IV. Қызығушылықты ояту
Отбасы туралы бейнеролик көрсету арқылы оқушылардың ой-толғанысын белсендіру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау: «Отбасының берекесі». Мақал-мәтелдермен жұмысқа кіріспе жасау.
V. Мағынаны тану
- «Отбасы деген не?» сұрағына ой қозғау.
- Отбасының берекесі мен бірлігі туралы постер жасау.
- Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын талдау.
- Сергіту сәті.
Бағыттаушы сұрақтар
• Сендер қай мемлекетте тұрасыңдар?
• Отан деген не?
• Қоғам деген не?
• Отбасы деген не?
Жаңа сабақты меңгерту: топтық талқылау
Оқушылар мәтінді оқып, негізгі ойды анықтайды. Әр топ жетелеу сұрақтары арқылы тақырыпты тереңірек талдайды және өз пікірін ортаға салады.
1-топ
Сұрақ: Отбасы татулығына кімдер жауапты?
2-топ
Сұрақ: Қамқорлық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
3-топ
Сұрақ: Сенің отбасыңда қандай әдет-ғұрыптар сақталған?
Қосымша талқылау сұрақтары
• «Асар» дегенді қалай түсінесіңдер?
• Отбасына кімдер кіреді?
• Неке деген не?
• Конституцияда отбасы туралы не айтылған?
Бекіту және қорытынды
Мақалдағы жасырын сөзді тап
• ... тату болса — ат көп, ... тату болса — ас көп.
• ... — туырлығым, ... — қазынам.
«Бес жолды өлең» әдісі
- 1)Зат есім (1 сөз)
- 2)Сын есім (2 сөз)
- 3)Етістік (3 сөз)
- 4)Сөйлем (4 сөз)
- 5)Мәндес сөз (синоним, 1 сөз)
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
Оқулықтан 152–155-беттер: мазмұнын айтуға дайындалу.
Бағалау
Топтық жұмысқа қатысуы, жауаптың нақтылығы, дәлелдеуі және қорытынды шығара білуі бойынша бағаланады.