Қазақ қыздарының бас киімдері

Кіріспе сөз

Жүргізуші: «Ұл атадан үйренбей сапар шекпес, қыз анадан үйренбей өнеге алмас», — деп Қорқыт атамыз айтқандай, бүгін сіздер технология пәнінен алған білімдеріңізді пысықтап, ұлттық салт-дәстүрімізді келешек ұрпаққа лайықты жеткізе білетіндеріңізді көрсетесіздер. Алдарыңызда — «Ал, қанекей, қыздар!» сайысы.

Сайысты бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен таныстырылады. ______________

І кезең: Таныстыру

Қатысушылар сахнаға шығып, өздерін таныстырады.

І топ

«Сымбатты ханшайымдар»

ІІ топ

«Қазақ сұлулары»

ІІ кезең: Сергіту — қамыр жаю

Бұл кезеңде қыздар болашақ ана ретінде қамырды кестеге әдемілеп, жұқалап жаюы қажет. Әр топтан бір-бір қатысушы шығады.

Маңызды ескерту

  • Асханадағы санитарлық-гигиеналық талаптарды еске түсіру.
  • Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

Қатысушылар сайысқа түсіп жатқанда, «Қазақ сұлулары» тобы өз өнерін көрсетеді (би).

ІІІ кезең: Шаштараз сайысы

Әр топтан бір-бір қатысушы шығады. Техника қауіпсіздігі ережелері түсіндіріледі.

Қыздар шашты сәндеп жатқанда, «Сымбатты ханшайымдар» тобы өз өнерін көрсетеді (би).

Таныстыру бөлімі

Қатысушылар жасаған шаш сәнінің атауын және оны қандай жағдайда, қай уақытта қолдануға болатынын қысқаша түсіндіреді.

IV кезең: Үй тапсырмасы

«Сымбатты ханшайымдар»

Қазақтың салт-дәстүрі бойынша «Беташар» көрінісін көрсетеді.

Беташарда берілетін бата

Бақытты бол, бағың ашылсын,

Әр күнің шатты болсын.

Татқаның тәтті болсын,

Босағаңа жамандық жетпесін.

Төріңнен жақсылық кетпесін,

Жолдарың ақ болсын,

Молшылық тап болсын,

Жаратқан Ием жақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келін келді — есік аш,

Жамандарың кейін қаш.

Жақсыларың ақыл қос,

Енесі тұрып шашу шаш.

Келін келді — көріңіз,

Көрімдігін беріңіз.

Келін-ау, келіп тұр,

Келіп үйге еніп тұр.

Қайын жұрты халқына

Иіліп сәлем беріп тұр.

«Қазақ арулары»

«Бесікке салу» дәстүрінен көрініс көрсетеді.

V кезең: Бәйге (сұрақ-жауап)

Әр топқа 10 сұрақтан беріледі.

І топтың сұрақтары

  1. Қазақ қыздарының бас киімдері.
  2. Егде жастағы әйелдің бас киімі.
  3. Ұлттық өрнек.
  4. Қазақтың ұлттық сусыны.
  5. Қалыңдыққа арналған бас киім.
  6. Қазақ қыздары тақияның төбесіне не таққан?
  7. Қой терісінен тігілген сырт киім.
  8. Қыздардың әшекейлері.
  9. Талқан жасайтын тас.
  10. Ер адамның ұлттық киімі.

ІІ топтың сұрақтары

  1. Қазақтың жеңі жоқ ұлттық киімі.
  2. Ер адамның бас киімі.
  3. Тарыны қандай ыдысқа уатамыз?
  4. Бөрік тігуге арналған аң терісі.
  5. Әйелдердің басқа тартатын бас киімі.
  6. Көне сырт киім.
  7. Қасқыр терісінен жасалатын киім түрі.
  8. Ер адамның жеңіл киімі.
  9. Мәсінің сыртынан не киген?
  10. Камзол түрлері.

Қорытынды

Жүргізуші: Жарайсыңдар, қыздар! Енді сайыс қорытындысын айту үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Түйін сөз

«Еңбек етсең — емерсің, еңбегіңе — кенелерсің», — дей отырып, бұл сайыс сіздерге үлкен өмір жолында қажет болатын көп сабақ береді деп сенеміз.