Жай бөлшектерді көбейту
Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту (5-сынып)
Бұл материал 5-сынып математика курсында жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейтуді түсіндіруге арналған. Мақсат — оқушының ережені дұрыс қолдануына және есептеуде амалдардың қасиеттерін тиімді пайдалануына дағдыландыру.
Жалпы мақсаттары
- Жай бөлшектерді көбейте білуге үйрету.
- Жай бөлшектерді көбейту ережесін дұрыс айтып, қолдануға жаттықтыру.
- Натурал санды бөлшекке көбейту дағдысын қалыптастыру.
- Жай бөлшектерді көбейткенде көбейту амалының қасиеттерін (ауыстырымдылық, терімділік) тиімді қолдануға дағдыландыру.
Негізгі ережелер
Ереже 1
Жай бөлшектердің көбейтіндісі — алымы берілген бөлшектердің алымдарының көбейтіндісіне, ал бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең бөлшек.
Ереже 2
Натурал санды бөлшекке көбейткенде натурал сан бөлшектің алымына көбейтіледі: шыққан көбейтінді бөлшектің алымы болады, ал бөлім өзгеріссіз қалады.
Ереже 3
Егер көбейткіштер аралас сандар болса, алдымен оларды бұрыс бөлшекке айналдырып, содан кейін бөлшекті бөлшекке көбейту ережесін қолдану керек.