Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру

Сабақтың тақырыбы

«Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін?» бөлімі. «Я» дыбысы мен әрпі.

Оқу мақсаттары

  • 1.2.9.2

    Дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, таңбалары; ф, в, ц, ч дыбыстары; е, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу.

  • 1.2.1.2

    Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді оқу, түсініп оқу) қолдану.

  • 1.2.5.1

    Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақ қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру.

  • 1.1.9.1

    Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.

Сыныптағы диалогқа арналған сұрақтар

  • Жыл мезгілдері

    Балалар, жылдың неше мезгілі бар?

  • Қазіргі мезгіл

    Қазір қай мезгіл?

  • Қыс белгілері

    Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?

  • Талқылау

    Неліктен Алдар Көсе ұлттық кейіпкер қатарына жатады деп ойлайсың?

Алдыңғы оқу

Оқушылар «һ» әрпі мен дыбысын біледі.

Сабақтың басы

Ынтымақтастық ахуалын құру: «Шаттық шеңбері»

Жақсы тілек!

Достарымның барлығын,

Сыйлап, жақсы көремін.

Алақаным арқылы

Жылуымды беремін.

Топқа бөлу

Ертегі кейіпкерлерінің суреттері арқылы топқа бөліну: «Алтын сақа» ертегісі және «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

  • 1-топ «Алтын сақа»
  • 2-топ «Қатық»

Ширату (ұжымдық жұмыс)

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Әріп дегеніміз не?
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Бүгін біз жаңа тарауды бастаймыз: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті».

Тақырыптың қысқаша мазмұны

Салт-дәстүр

Салт-дәстүр — ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын әдет-ғұрып, мәдени іс-әрекеттер мен жалпыға бірдей тәртіп. Бұл — талай ғасырдың жемісі.

Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері рухани асыл қазынаны ықылым заманнан бері сақтап, бүгінгі дәуірімізге жеткізді.

Ауыз әдебиеті

Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы. Ол ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.

Оның шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Жанрлық құрамы жағынан сан-салалы болып қалыптасқан. (Слайдтар арқылы таныстыру.)

Қызығушылықты ояту (суретпен жұмыс)

Жыл мезгілдері туралы

  • Балалар, жылдың неше мезгілі бар?
  • Қазір қай мезгіл?
  • Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады? (Күн суытады, аяз болады және т.б.)

Ұлттық кейіпкерлер туралы

  • Ұлттық кейіпкерлер туралы не білеміз?
  • Алдар Көсе туралы естігендерің бар ма?
  • Алдар Көсе туралы тағы қандай әңгіме немесе ертегі білесіңдер?

Шығармашылық жұмыс

Сурет бойынша әңгіме құрау: оқушылар иллюстрацияға сүйеніп, оқиғаны құрастырады, болжайды және өз ойларын дәлелдеп айтады.

Бағалау

Оқушылардың жауабы мадақтау арқылы бағаланады.