Оқушыларда заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғым қалыптасуына мүмкіндік жасау
Сабақтың тақырыбы
Бастауыш
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларда заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау.
- Өлеңді мәнерлеп оқуға және оның негізгі идеясын ашуға жетелеу.
- Оқушылардың сөздік қорын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
- Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу; ой-өрісін кеңейтіп, зейінін жетілдіру.
- Тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту.
Күтілетін нәтижелер
- Оқушылар бастауыш туралы ұғымды толық меңгереді.
- Берілген сөздерге қойылатын сұрақтарды анықтап, дұрыс жауап беруге үйренеді.
- Қимыл иесін анықтауға дағдыланады.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақ түрі: аралас сабақ, жұппен жұмыс.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, диалогтік оқыту, сыни ойлау стратегиялары, жұптық жұмыс, АКТ.
Керекті жабдықтар: «Алматыкітап» (3-сынып), сюжетті суреттер, постер, қарындаш, сызғыш, түрлі-түсті бояулар, суреттер, интерактивті тақта.
Кіріспе
1) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Балалар, бізге бүгін Алпамыстан хат келіпті. Қане, бәріміз тынышталып, хатта не жазылғанын тыңдайық.
Хат мазмұны
Құрметті менің достарым! Мен сендерден көмек сұрай отырып, хат жазып отырмын. Әжем биыл мені мектепке дайындап, дүкеннен оқу құралдарын алып берді. Оқу құралдары өте көп, бірақ олардың бәрінің атауын біле бермеймін.
Сендер мектепте оқисыңдар ғой, сондықтан суреттерін жіберіп отырмын. Маған осы заттардың атын білдіретін сөздерді жазып жіберіңдерші.
Сәлеммен, Алпамыс.
Тұсаукесер
Үй тапсырмасын диалогтік әдіспен тексеру
Өткен тақырыпты сұрақ-жауап арқылы пысықтаймыз:
- Сөйлем мүшесі деген не?
- Неше топқа бөлінеді?
- Қандай түрлері болады?
- Тұрлаулы мүшелерге нелер жатады?
- Тұрлаусыз мүшелерге нелер жатады?
- Олардың айырмашылығы қандай?
Жаңа тапсырмаға көшу
Енді Алпамыстың жіберген суреттерін бір-бірден көрсетемін. Сендер әр заттың атын атап, тақтаға жазып отырасыңдар. Әр сурет көрсетілген сайын «Бұл не?» деген сұрақ қойылады. Ең соңында Алпамыстың суреті көрсетілгенде «Бұл кім?» деп сұраймыз.
2) Сыныпты жұпқа бөлу
Оқушыларды фигуралардың түсі арқылы жұпқа бөлу.