Достық әні
Сабақ тақырыбы
«Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған» тақырыбы аясында төмендегі шығармалармен жұмыс жүргізіледі:
-
4-сынып: Әуелбек Қоңыратбаев — «Балуан»
-
5-сынып: Әбділда Тәжібаев — «Толағай» (әдеби ертегі)
-
6-сынып: Ілияс Жансүгіров — «Анам тілі»
-
7-сынып: Сәкен Сейфуллин — «Сыр сандық»
Мақсаты
-
Шығармалардың тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін ашу; авторлар мен кейіпкерлер туралы өмірбаяндық деректермен таныстыру.
-
Сөз еркіндігі мен поэзияны түсінуге баулу; есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.
-
Адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу; ана тілін және достықты қадірлеуге бағыттау.
-
Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.
Сабақ сипаттамасы
- Түрі
- Аралас сабақ
- Типі
- Жаңа материалды меңгерту
- Көрнекілігі
- Мультимедиалық көрсетілім
Негізгі идея
Бұл сабақта күш пен қайрат, елге қызмет ету, ана тілінің қадірі, сондай-ақ шынайы достықтың мәні қатар қарастырылады. Әр сынып деңгейіне сай мәтінмен жұмыс, талдау, ойын және шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушының түсінігі тереңдетіледі.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. «Бақыт шеңбері» арқылы бір-біріне ізгі тілек айту.
Сәттілік тілейік біз бүгін,
Мен саған, сен маған.
Күндей күліп жүрейік,
Күннің нұрын төгейік,
Мен саған, сен маған!
II. Өткенді қайталау
Әдеби викторина сұрақтары:
- Жамбыл Жабаевтың баласына арнаған қандай шығармаларын оқыдық?
- Абай қай шығармасында жастарды өнер-білімге шақырды?
- Қай шығармада кейіпкер жер шарын аралап, туған жерінен артық жер жоқ екенін түсінді?
III. Жаңа сабақ
1) Дәптермен жұмыс
Шығармалардың тақырыбын және авторлар туралы қысқаша деректерді дәптерге жазып алу.
2) «Балуан» (Ә. Қоңыратбаев) бойынша жұмыс
-
«Балуан» деп қандай адамды айтамыз?
-
«Күш атасы — Қажымұқан» деректі фильмінен үзінді көру.
-
Фильмде бейнеленген оқиғаны оқулықтан тауып, мәнерлеп оқу (Сар-Кекенмен күрес).
-
Иван Поддубный досы қандай аманат айтқан?
3) «Сандар сөйлейді» ойыны
Сандар арқылы тарихи деректерді жүйелеу, әңгімелеу дағдысын дамыту.
Қажымұқан өмірі
28 · 56 · 77 · 55 · 2 · 100000
Берілген сандарды негізге алып, Қажымұқан туралы әңгімелеу.
Лондон — 2012
2012 · 30 · 113 · 12 · 7 · 1 · 5
Қазақстан спортшыларының Олимпиададағы жетістіктерін сандармен байланыстырып айту.
4) Фотосурет бойынша әңгімелесу
Жүлдегер спортшыларды марапаттау салтанатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен түскен фото негізінде ой бөлісу, пікір айту.
5) «Толағай» (Ә. Тәжібаев) бойынша жұмыс
-
«Толағай» ертегісіне сипаттама беру, жалпы түсінік қалыптастыру.
-
Слайдтарға сәйкес үзінділерді оқу.
-
Рөлге бөліп оқу: анасы мен баласының әңгімесі.
-
Географиялық картамен жұмыс: тау мен жотаны көрсету.
«Саусақтар жаттығуы»
Күркіреді күн-күн,
Терезелер шын-шын.
Жаңбыр жауды топ-топ,
Шелек-шелек көп-көп.
Жаңбыр жауып басылды,
Күн жарқырап ашылды!
Видеоклип арқылы «Толағай» әнін айту.
6) «Анам тілі» (І. Жансүгіров) бойынша жұмыс
-
Оқушылардың өлеңді жатқа айтуы.
-
Ана тілі туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер айту (алдын ала дайындық).
Ойын: «Білгіштер» (аударма)
школа — мектеп
мама — ана
Родина — Отан
земля — жер
дом — үй
дружба — достық
7) Сергіту сәті
«Достық» әнін орындау.
8) «Сыр сандық» (С. Сейфуллин) бойынша жұмыс
-
Өлеңнің шығу тарихымен танысу (оқулық бойынша).
-
Өлеңді мәнерлеп оқу.
-
Мәтіннен үзінді тауып оқу: амал дос, адал дос, адамның ішкі сыры туралы ой.
-
Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.
Ойын: «Ұйқасын тап»
Достықты берік сақта, дос сенімін ақта.
Болмасын достық амал, болсыншы достық адал.
Шын достықты сақтайық, дұшпандықтан қашайық.
Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа; жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.
Достық үшін күрес — саған тиген үлес.
Сыр сандыққа шын достықты сыйғызған Сәкен ақын — неткен ғажап, неткен асыл жан!
IV. Бекіту
1) Салыстыру стратегиясы
-
Қажымұқан ↔ Толағай
-
І. Жансүгіров ↔ С. Сейфуллин
2) Ойын: «Ойланайық — сөз табайық»
Елдің атын — ер шығарады.
Отан үшін отқа түс — күймейсің.
Доссыз өмір — сөнген көмір.
Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіртіп айтады.
3) Тест тапсырмалары
Әр сыныпқа арналған қысқа тест арқылы білімді тексеру.
Төменде сұрақтар нұсқасы берілген.
4-сынып тесті: «Балуан»
-
«Балуан» әңгімесін жазған кім?
-
Күрес қай қалада өтті?
-
Жапондар «джиу-джитсу» деп атаған балуан кім?
-
«Қажы» атағын қай ұлт берді?
-
Қажымұқанның досы — орыс балуаны кім?
5-сынып тесті: «Толағай»
-
«Толағай» ертегісін жазған кім?
-
Әкесі қандай аңмен күресті?
-
Толағай жеңген аңды неге теңеді?
-
Ертегідегі жаңбырлы өңір қайда орналасқан?
-
«Толағай» деп не аталады?
6-сынып тесті: «Анам тілі»
-
Ілияс Жансүгіров қай өңірде туған?
-
Ілияс кімнен көп өнеге алған?
-
Өлеңде ана тілін қалай бағалайды?
-
Тілдің тәттілігін неге теңейді?
-
«Қызыл тіл» ненің алды?
7-сынып тесті: «Сыр сандық»
-
«Сыр сандықтың» авторы кім?
-
«Жем таусылса, жалт береді» деп қай досты бейнелеген?
-
Сәкеннің шын есімі кім?
-
Сәкеннің тағы қандай өнері болған?
-
Сәкен адамның тұлғасын неге теңеген?
V. Қорытынды
Бағалау
Оқушылардың жауаптары, мәнерлеп оқуы, ойындарға қатысуы және тест нәтижесі бойынша бағалау.
Рефлексия
Бүгінгі сабақтан алған әсері мен түсінген негізгі ойларын қысқаша айту.
Үй тапсырмасы
Мәтіндерді оқып келу және түсінік айтуға дайындалып келу.